
2019 жылғы 1 шілдеде Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың қатысуымен «Дәрілік заттарды рецептімен сату шараларын күшейту» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді.
Л. Бюрабекова өзінің баяндамасының барысында дәрілік қамтамасыз ету жүйесінің негізгі аспектілерін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың этикалық ілгерілеуін енгізу бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу, Қазақстан ұлттық дәрілік формулярын қалыптастыру ережелері мен дәрілік заттардың амбулаториялық тізбесі туралы атап айтты.
Сондай-ақ, Қазақстан дәріханаларында дәрілік заттарды дәрігердің рецептісі бойынша сату Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа талабы болып табылмайтыны туралы айтылды.
15 жылдан астам қолданыстағы рецептілік препараттарды рецептісіз сатуға тыйым салу азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін дәрілік заттарды бақылаусыз қолдануға жол бермеуге бағытталған.
Қазіргі уақытта дәрілік заттарды сату мәселесі 2009 жылғы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексімен регламенттеледі. 2019 жылғы шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда дәрілік заттың 7792 атауы тіркелген, оның ішінде 6033-ы (ҚР-да тіркелген медициналық дәрі-дәрмектердің 77% - ы) дәрігердің рецептісі бойынша, 1759-ы рецептінсіз сатылады.
ДДҰ-ның ұсынымын, сондай-ақ рецептуралық дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолданудың артуын және оның салдарын ескере отырып, Комитеттің департаменттері дәрілік заттарды тағайындау және сату бойынша қолданыстағы талаптарды сақтау қажеттілігі туралы медицина және фармацевтика қызметкерлерімен, өздігінен емделудің тәуекелдері туралы халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырды.
Тегін рецептілерді жазу рәсімін жеңілдету үшін ҚР ДСМ оларды алу схемасын өзгертті. Дәрігерлер созылмалы аурулармен ауыратын диспансерлік науқастар үшін тоқсанына бір рет (90%), ал ауыр аурулармен ауыратын науқастар үшін ай сайын (10%) жеңілдікпен дәрі-дәрмектерге рецепт жазып береді. Дәріханалар пациенттерге берілген рецептілердің негізінде тиісті дәрілік заттардың ай сайынғы қажеттілігін есепке алуды және беруді жүргізетін болады.
Бұл ретте дәрі-дәрмектерді жеңілдікпен алудың барлық рәсімі автоматтандырылған. Жоғарыда көрсетілген шаралар емханаларда кезекке тұруды айтарлықтай азайтуға, медицина персоналының жүктемесін төмендетуге, қағаз түріндегі құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.
Комитеттің сайтында Тізілімге жалпы қолжетімділік үшін ашық болатын рецептурасыз және рецептуралы дәрілік заттардың тізбесі жарияланды. Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша көруге болады: http://kooz.dsm.gov.kz/ru/pages/perechen-lekarstvennyh-sredstv-otpuskaem..., http://kooz.dsm.gov.kz/ru/pages/perechen-lekarstvennyh-sredstv-otpuskaem...
Бағаларды реттеу қағидаларын бұзушылық үшін айыппұл (субъектінің санатына байланысты 70 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін) немесе фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.