
2019 жылғы 03 шілдедегі жағдай бойынша Арыс қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты, тұрғындар мен тартылған күштер арасында жіті ішек инфекциясы, тамақтан улану жағдайлары тіркелген жоқ.
Үй-үйді аралап шығу нәтижесінде 8087 үй мен пәтер (ішінара қайталаумен), 244 түрлі нысандар мен ұйымдар қамтылды, тұрғындарға 8,5 мыңнан астам жадынама таратылды.
4990 кг бүлінген Тамақ өнімдері анықталды және кәдеге жаратылды, оның ішінде әр түрлі объектілерде (сауда, МДМ) – 1360 кг.
2132 қоқыс алаңдары, санитарлық-аулалық қондырғылар және басқа да нүктелер дезинфекцияланды. Дезинфекциялық өңдеулер жиынтығында 200,2 мың м2 ластанған алаңдарда жүргізілді.
27.06-03.07.2019 ж. аралығында Арыс қаласы бойынша су, ауа, топырақ, азық-түлік өнімдерінің микробиологиялық және санитарлық-гигиеналық көрсеткіштері мен радиациялық аяның өлшеулеріне зерттеу жүргізілді, сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ.
2132 қоқыс алаңдары, санитарлық-аулалық қондырғылар және басқа да нүктелер дезинфекцияланды. Жиынтығында 200,2 мың шаршы метр ластанған алаңдарда дезинфекциялық өңдеуден өтті.
Жұқпалы ауруларды дер кезінде анықтау және оларды оқшаулау үшін ЕПҰ медицина қызметкерлерімен аула аралаумен 259 үй, 1295 адам қамтылды, жіті ішек инфекциясы, тамақтан улану анықталған жоқ, 300 жадынама таратылды.
Бейнероликті мына сілтеме бойынша көруге болады: (https://www.facebook.com/mz.gov.kz/videos/2773427342731434/)