Үкімет басшысы және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Арыс қаласының ағымдағы жағдайымен танысты

Үкімет басшысы және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Арыс қаласының ағымдағы жағдайымен танысты

11 шілдеде жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин бастаған Үкіметтік комиссия Арыс қаласына барды.

Сапар барысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыс қалалық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жалпы, 2019 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша Арыс қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты, халық және тартылған күштер арасында аса қауіпті жұқпалы аурулар, тамақтан улану жағдайлары тіркелген жоқ.

Үй-үйді аралап шығу нәтижесінде 16011 үй мен пәтер (ішінара қайталаумен), 336 түрлі нысандар мен ұйымдар қамтылды, тұрғындарға 16,9 мыңнан астам жадынама таратылды. Тұрғындар мен түрлі объектілерде (сауда, МДМ) 10987 кг бүлінген тамақ өнімдері анықталды және жойылды. 2158 қоқыс алаңдарын, санитарлық-аулалық қондырғыларды және басқа да нүктелерді дезинфекциялық өңдеу жүргізілді.

Дезинфекциялық өңдеулер жиынтығында 201,1 мың м 2 ластанған алаңдарда жүргізілді. Ауыз су микробиологиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Радиациялық-химиялық жағдай қалыпты, санитарлық нормалар талаптарына сәйкес келеді. Тамақтану, ауыз сумен жабдықтау қауіпсіздігін, еңбек және тұрмыс жағдайларын бақылауды қамтамасыз ету үшін басқа өңірлерден санитарлық дәрігерлер жіберілді.

Осы тақырып бойынша Бейнероликті мына сілтеме бойынша көруге болады:  https://www.facebook.com/mz.gov.kz/videos/883359918683921/