Вакцинация - инфекцияны болдырмаудың сенімді тәсілі

Вакцинация - инфекцияны болдырмаудың сенімді тәсілі

              Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Соңғы аптада өңірде 553 СOVID-19 оқиғасы анықталды. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылар саны 5,1 есеге өсті, облыс «қызыл» аймаққа өтті. Өңірде жаңа "Омикрон" штаммы әлі тіркелген жоқ.

              Қазіргі таңда вакцинация - инфекцияны немесе аурудың асқынған ағымын болдырмаудың жалғыз сенімді тәсілі. Өкінішке орай, ешқандай вакцина инфекция жұқтырмауға жүз пайыз кепілдік бере алмайды, дегенмен ол қауіпті айтарлықтай азайтады. Дұрыс вакцинация (дозалар арасындағы қажетті аралықты сақтай отырып) иммундық жүйені вирусқа дұрыс жауап беруге үйрете алады. Сондықтан инфекция жұқтырса да, ауру айтарлықтай жеңіл түрде өтеді, ауру белгілері болмауы да мүмкін. Алайда, ауру белгілері жоқ сырқаттанушылар инфекцияның қоздырғышы болуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Сол себепті айналаңыздағы екпе алмаған адамдарды қорғау үшін, вакцинациядан кейін де әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде кию керек.

              Бүгінде Қостанай облысында тиісті тұрғындардың 354 991 (59,5%) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды, 334 819 адам (56,2%) толық курстан өтті. Американдық Comirnaty "Pfizer" вакцинасының бірінші компонентімен 136 жүкті әйел, 5 000 жасөспірім және 1264 бала емізетін ана алды, екінші компонентімен – 3 550 адам, оның ішінде 2 844 жасөспірім, 655 бала емізетін әйел, 51 жүкті әйел вакцинацияланды.

            Сондай-ақ, аймақта халықты қайта вакцинациялау (ревакцинация) науқаны жалғасуда. Бұл процедурадан бірінші болып дәрігерлер, полиция, әскери қызметкерлер, мұғалімдер, созылмалы аурулары бар адамдар өтті.

            Бүгінгі таңда өңірде 49 829 адам QazCovid – in, Vero Cell, «Сomirnaty» вакциналарымен қайта екпе алды. Вакциналардың әр түрлі типтегі инъекциясы барлық СOVID-19 штамдарына қарсы иммундық күйді бекіту үшін қолданылады. Қалауы бойынша бірінші рет вакцинацияланған екпемен ревакцинациядан өте алады.

            Ревакцинация алдында антиденелерге тест жүргізілмейді. Олардың қандай деңгейде ауырып қалу қаупі бар екендігі туралы нақты мәліметтер болмағандықтан, үшінші вакцинация антиденелер жоғары болса да   жасалады.

            Вакцинацияның толық курсынан кейін ауырғандарға ревакцинация сауыққаннан кейін алты айдан соң жүргізіледі, өйткені берілген инфекциядан кейінгі иммунитет ұзақ қорғауды қамтамасыз етпейді.