Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың бағасын реттеу

Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың бағасын реттеу

2019 жылы 19 шілдеде ҚР ДСМ ТКҚСҚБК дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығының Алматы қаласындағы филиалының алаңында ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Л. В. Бюрабекованың қатысуымен "Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың бағасын реттеу"тақырыбында конференция өтті. 

Өз кезегінде Л. Бюрабекова өз баяндамасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрі-дәрмектің шекті бағасы туралы бұйрыққа қол қойылғанын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы еліміздің барлық дәріханаларында дәрі-дәрмектерге арналған баға белгіленген шекті бағаға қарағанда жоғары емес төмен болуы мүмкіндігін көздейді. Әрбір препартқа арналған баға жеке жазылған.

Бүгінгі күні Қазақстанда 6,5 мыңнан астам дәріхана және бір мыңнан астам дистрибьютор тіркелген. Бұл ретте, қалалардағы қазақстандық дәріханалар нарығы барынша жеткілікті, бірақ ауылдағы тапшылық әлі де сақталып отырғанын (қалаларда  дәріхананың – 66 %, ауылда – 34 %) атап айту қажет. ЭЫДҰ елдерінде дәріханалардың орташа саны 100 мың тұрғынға шаққанда 25-ті құрайды, Қазақстанда бұл сан 100 мың тұрғынға шаққанда 37 дәріхананы құрайды, бұл ЭЫДҰ-ның орташа көрсеткішінен 48%-ға жоғары.

Денсаулық сақтау министрлігі өндіруші зауыттың бағаны белгілеуінен бастап дистрибьюторлардың үстеме баға қоюына және дәріханалардың үстеме баға қоюына дейін бағаның қалыптасу жүйесінің ашықтығын ерекше бақылауға алды, мұның нәтижесі екі көрші дәріханада сол бір дәрі-дәрмекке арналған бағаны айтарлықтай екі түрлі болуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, Министрлік Еуропа елдерінің және ЕАЭО елдерінің үстеме бағаларды реттеу тәжірибесін зерделеген болатын.

Ведомствода атап айтылғандай, үстеме баға регрессивті шкаланың негізінде жүзеге асырылатын болады.

Дәрілік заттарға арналған бағаларды қалыптастыру бағаларды реттеудің 4 деңгейін болжайды – өндірушінің, көтерме саудада сатудың, бөлшек саудада сатудың, сондай-ақ ТМККБК шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алудың деңгейінде.

Өндірушінің бағаларын тіркеу үстеме бағалардың регриссивті шкаласы арқылы дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату арасындағы баға мен өзіндік құнының айырмашылығын одан әрі реттей отырып, референтті елдердегі (Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Греция, Латвия, Литва, Ресей, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Түркия, Хорватия, Чехия, Эстония) тұтынушылық қаптаманың бағаларын талдау жолымен отандық және шетелдік өндірушілер мен олардың өкілдерінің өтініштерінің негізінде жүргізіледі.

Ағымдағы жылғы сәуірде Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Дәрілік заттарға арналған бағаларды реттеу қағидалары бекітілді және фармацевтикалық жұртшылықпен, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, салалық қауымдастықтармен талқыланды және мемлекеттік органдармен келісілді.

Өтініш берушілердің барынша қолайлылығы үшін құрылған автоматтандырылған жүйе қандай да бір келіссөздер жүргізуді болдырмайды. Өндіруші дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуіне өтініш беруі – бұл ЕАЭО және ЭЫДҰ елдерімен референтті (салыстырмалы) бағаны қалыптастыру жүргізуге және кейіннен өтініш беруші Қазақстан Республикасына препараттарды жеткізу кезінде келтірілген шығынын есепке ала отырып, саудалық атауына арналған шекті бағаларды автоматты түрде тіркеуіне негізделетін процесс. Дайындаушы зауыттың шекті бағасы тіркелгеннен кейін жүйе үстеме бағаның мөлшерін автоматты түрде анықтайтын болады және баға Министрліктің сайтына орналастырылады.

Сондай-ақ, жақын арада қолданыстағы DariKz мобильді қосымшасына «Шекті баға» опциясы, оның көмегімен азаматтар дәрі-дәрмектің бағасын қадағалай алады, ал айырмашылықтар анықталған жағдайда, егер ол Қазақстанда рұқсат етілген заңды түрде бекітілген шекті бағадан асып кетсе, препараттың құнына шағым қалдыра алады.