
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары АҚ және ТЖ мәселелері бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізеді.
Аумақтық департаменттердің базасында әскерилендірілмеген құралым – негізгі құрам мен дублерлердің біріктірілген шұғыл санитариялық-эпидемияға қарсы көмек бригадасы (бұдан әрі – БШСЭҚКБ) жұмыс істейді, ол азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жүйесінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің (бұдан әрі - РХБҚҚ) құрамындағы негізгі буын болып табылады.
РХБҚҚ ықтимал радиоактивті, химиялық немесе биологиялық зақымдауды уақтылы анықтауды және арнайы заттарды қолдану салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеуді қамтамасыз етуге арналған.
Бригада құрамына тиісті функционалдық бөлімшелердің мамандарынан құрылған 5 тұрақты жұмыс істейтін жедел топ кіреді:
1. Эпидемияға қарсы жедел топтың құрамында эпидемиологиялық буын, аса қауіпті және карантиндік инфекциялар буыны бар;
2. Радиологиялық жедел топ;
3. Санитариялық-химиялық жедел топ;
4. Дезинфекциялық жедел топ;
5. Бактериологиялық жедел топ.
БШСЭҚКБ жұмысы БШСЭҚКБ буындары мен тартылған ведомстволардың бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл схемаларын пайдаланып, дайындыққа келтіру жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Төтенше жағдайларды жою бойынша мүдделі органдардың өзара іс-қимыл жоспарлары әзірленген және бекітілген.
Барлық департаменттерде ошақтарда алғашқы эпидемияға қарсы іс–шараларды жүргізу және науқастарға көмек көрсету үшін қажетті табельдік материалдық-техникалық жарақтандыру бар.
Комитет халықты зақымдау қаупі бар барлық ТЖ жағдайлары туралы кезектен тыс хабарламалар жөнелту арқылы хабардар етіледі.