
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес тұтынушыларға олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, халықтың тұтынушылық сауаттылығын арттыру мақсатында Комитет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және Комитеттің ресми сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/article/details/reestry?lang=ru) өнімнің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы үнемі хабарлайды. . Пайдаланушылар (тұтынушылар) жалған және сапасыз өнімдер туралы ақпаратты іздеу үшін осы бағдарламаны қолдана алады (тізілімді пайдалану жөніндегі нұсқаулықты Комитеттің ресми сайтында және http://reestr-np.kz/rus/ сайтынан алуға болады).
Өз кезегінде, жүргізілген жұмыс мазмұнды сипатқа ие және тұтынушыға өнімді таңдауда жауапкершілікті және саналы көзқараспен қарауға, өндірушілер мен бөлшек сауда желілерінде тиісті іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.