Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде халықтың вакцина-профилактикасы тиімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар туралы хабарлады

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде халықтың вакцина-профилактикасы тиімділігін арттыру бойынша қосымша шаралар туралы хабарлады

Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және денсаулығын қорғау мақсатында жүзеге асырылатын инфекциялық аурулардың иммундық-профилактикасы және  вакцинациялау саласында жүргізіп отырған жұмысы туралы хабарлады.

Іс-шараға Комитет төрағасы Людмила Бюрабекова, «СК-Фармация» ЖШС басқармасының төрағасы міндетін атқарушы Берік Шәріп, Нұр-Сұлтан қаласының балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас инфекционисті Динагүл Баяшева қатысты.

Людмила Бюрабекова баяндамасының барысында Қазақстан Республикасында инфекциялық ауруларға қарсы күрес бойынша бағдарлама иммундық-профилактика арқылы іске асырылады деп атап айтты.

Бүкіл әлемде иммундық-профилактика инфекцияларға қарсы күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді болып танылған. Қазақстан Республикасында 19 инфекциялық ауруға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сапалы вакциналар сатып алынады, – деп атап айтты Комитет төрағасы.

Мысалы, Қазақстанда жыл сайын туберкулезге қарсы 370 мыңнан астам жаңа туған нәресте және 230 мыңнан астам 6-7 жастағы балалар вакцинацияланады.

Өткен кезеңде республикада 700 мыңнан астам бала егілді, олардың ішінде иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің күрделі жағдайлары тіркелген жоқ.

Туберкулезге қарсы вакцинациялау балалардың арасында туберкулез менингиті және диссемирленген туберкулез сияқты туберкулездың ауыр жағдайларының дамуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Соңғы 20 жылдың ішінде туберкулезбен сырқаттанушылық 2,5 есеге (100 мың тұрғынға шаққанда 1998 жылғы 109,7-ден 2018 жылғы 42,9-ға дейін), өлім 15,3 есеге (100 мың тұрғынға шаққанда 1998 жылғы 38,4-тен 2018 жылғы 2,5-ке дейін) төмендеді.

Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігін растайды.

Бірақ, «Japan BCG Laboratory» (Жапония) өндіруші-зауыты (БЦЖ) туберкулезге қарсы вакцинаны 35 елден кері қайтарып алуына байланысты Қазақстанда туберкулезге қарсы вакцинациялау уақытша тоқтата тұрылды.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «SERUM institute of INDIA» (Үндістан) өндірісінің БЦЖ вакцинасын сатып алу және жеткізу мүмкіндігін қарастыруда.

«Балалар жасы инфекциялық аурулар үшін ең осал болып саналады. Бұл жеткіліксіз жетілуіне және ағзаның жалпы төзімділігінің төмендеуіне байланысты. Вакцинация ағзада арнайы антиденелердің түзілуі мақсатында жүргізіледі, осылайша көкжөтел, сіреспе, дифтерия, туберкулез, полиомиелит, қызылша, қызамық, паротит сияқты ауруларға ағзаның қорғаныш қызметін (иммунитет) күшейтеді», - деп атап өтті Динагүл Баешева.

Сондай-ақ, баспасөз-конференциясы барысында Комитет төрағасы республикадағы қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы және оны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы журналисттерді хабардар етті.

Людмила Бюрабекованың айтуынша, қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты бақылауға алып отыр. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде, 17 мыңнан астам байланыста болған адам қызылшаға қарсы егілген.

Қызылшамен  сырқаттанушылық 1 жасқа толмаған егілмеген балалардың арасында көп тіркелетінін ескере отырып, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 9 айлық балаларды қосымша вакцинациялау жүргізілуде. 147 мыңнан астам бала егілді. Бұдан басқа, 72 мың медицина қызметкері егілді, - деп хабарлады Комитет басшысы.

Қабылданып отырған шаралар сырқаттанушылықтың динамикасын төмендетуге мүмкіндік берді. Мысалы, шілдеде қызылшамен сырқаттанушылық 2019 жылғы наурызбен салыстырғанда 3,4 есеге (1984 жағдайдан 586 жағдайға дейін) төмендеді.

Ересек тұрғындардың арасында неғұрлым жоғары сырқаттанушылық 20-29 жас аралығындағы жас ерекшелік тобының арасында тіркеледі. Осыған байланысты, 2019 жылғы қыркүйекте осы жастағы жастардың арасында қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау кампаниясы басталады.

Профилактикалық егулерден бас тартқан жағдайда, ата-аналар баласын инфекциядан және оның салдарынан қорғану құқығынан айыруы мүмкін екендігін есте сақтауы қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті балаңыздың инфекциялық ауруларға қарсы вакцинасы болуын тексеруге және вакцинация болмаған жағдайда профилактикалық егулер алу үшін тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуге ұсыным береді.