Медициналық қызмет көрсету үшін шетелдік мамандарды тарту кезінде ережелерді сақтау

Медициналық қызмет көрсету үшін шетелдік мамандарды тарту кезінде ережелерді сақтау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы сәйкес Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті шетелдік медицина мамандарының пациенттерді қабылдау туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарнамаларға жүргізген талдауы рұқсат құжаттары жоқ шетелдік мамандардың қызмет көрсету жарнамаларын анықтады.

Осыған байланысты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік азаматтардың медициналық ұйымдарда медициналық қызметті жүзеге асыру заңдылығына жаппай рейдтік тексеруді өткізді.

Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру – бұл басқа медициналық немесе фармацевтикалық мамандықты игеруге, семинарлар, тренингтер, мастер-класстар түрінде өтетін кәсіби білім мен дағдыларды тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысандары екенін атап кету қажет.

Білім беру ұйымдары қосымша білім беруді жүзеге асыру үшін мамандарды, оның ішінде шетелдік мамандарды тартады.

Денсаулық сақтау саласындағы ҚР заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдары шетелдік медициналық мамандарды тарту үшін білім беру саласындағы институционалдық аккредиттеуден өтуі қажет.

Шетелдік мамандарды тарту үшін шақырушы қазақстандық ұйым мен шетелдік маман немесе шетелдік медициналық ұйым арасында шарт жасалады.

Мастер-класс/семинар/тренингтің жұмыс оқу бағдарламасы және тартылатын шетелдік мамандардың тізімі уәкілетті органмен немесе өңірлік денсаулық сақтау басқармасымен келісіледі.

Мастер-кластар/семинарлар/тренингтер өткізу үшін тартылатын шетелдік мамандардың тұрақты тұратын елінде медициналық қызметпен айналысуға құқық беретін құжатының болуы тиіс.

Басқа жағдайларда ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығымен бекітілген Шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларына сәйкес клиникалық қызметті жүзеге асыруға жіберу үшін маман сертификатын алу қажет.