
2021 жылы жеке және заңды тұлғалардың коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алуға байланысты қоғамдық тәртіпті, санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық, шектеу іс-шараларына, оның ішінде карантинді сақтау барысына мониторинг жүргізілді.
Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша мониторингтік топтар 1 184 042 нысанды қамти отырып, 241 402 рейд жүргізді. Оның барысында 31 465 объектіде (2,6%) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар (объектілердің жұмыс режимін, әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтамауы, халық көп жиналатын іс-шараларды өткізуі, келушілер санының лимиттен асуы) анықталды.
Жеке және заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша 2,3 млрд. теңгеден астам сомаға 28 059 әкімшілік айыппұл салынып, 122 нысанның қызметі тоқтатылды, 446 материал сотқа жолданды.
Мониторингтік топтардың құрамына әкімдік пен полиция қызметкерлері кіреді, сондай-ақ еріктілермен қатар қоғам қайраткерлерінің де кіруі мүмкін екендігін атап өту қажет. Олар кәсіпкерлік және қызмет көрсету объектілеріне тексеру жүргізуді жүзеге асырады.
Тексеруге шығатын мониторингтік топ мүшелерінің тізімдері Infokazakhstan.kz. электронды платформасында тіркеледі.
Бұл мониторинг 2022 жылы да жалғасатын болады.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың артқанын ескере отырып, халықты міндетті карантиндік шараларды сақтауға шақырады.