
2021-2022 жж. эпидмаусымында Қызылорда облысы бойынша жедел респираторлық вирусты инфекциясына шалдығудың 13 430 жағдайы есепке алынды.
Ауру жұқтырғандардың 57,6% - 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде, оның ішінде 10,6% - 1 жасқа дейінгі нәрестелер. Есепте тұрған жүкті әйелдер арасындағы ЖРВИ-ға шалдығу көрсеткіші 42-ні құрап отыр. Ауруханаға жатқызу көрсеткіші жалпы облыс бойынша 18,5%.
Жүргізілген эпидемиологиялық мониторингке сәйкес облыстық аурушаңдық апталық көрсеткіштің бақылау деңгейінен асып, эпидахуалдың күрделенуі байқалған жоқ.
2021-2022 жж. эпидмаусымда ауыр ағымдағы жедел респираторлы вирусты инфекциясымен 2 182 науқастан алынған анализдер Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында ПТР әдісімен тексеріліп, 7 сынамадан тұмау анықталды. Басым бөлігі облыс орталығында тіркелді. Сонымен қатар 34 сынама тұмау емес ауруларға тексеріліп, нәтижесінде 2 аденовирус, 1 парагрипп тіркелді.
Тұмау ауруының алдын алу мақсатында ҚР Үкіметінің «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес 2021-2022 жж. эпидмаусымға 80 186 доза вакцина сатып алынды. Бүгінгі күні облыс тұрғындары арасында тұмауға қарсы вакцинацияланған тиісті контингент 95,6% құрап отыр.