Атырау облысындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Атырау облысындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

              Облыс бойынша 2020 жылғы 28 наурыздан бастап 2022 жылғы 10 қаңтарға дейін КВИ 52 514 жағдайы тіркелді, көрсеткіш 100 мың тұрғынға есептегенде -7881,1 құрады.

              Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін КВИ-дің зертханалық расталған 38 656 жағдай тіркелген. 2022 жылғы 1-10 қаңтар аралығында 314 жағдай анықталды. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Атырау облысы "сары" аймақта орналасқан.

             "Омикрон" штаммының кең таралуына және әлемдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитариялық дәрігерлер облыс тұрғындарынан карантин талаптарын сақтауға жеңіл қарамауды сұрайды. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және  аурушаңдықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

             Қазіргі уақытта өңірде 259 718 (71,1 %) азамат вакцинаның I компонентімен егілсе, 241 575 азамат (65,8%) II компонентімен егілді. 10 645 адам ревакцинацияланды. Сондай-ақ, жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдер вакцинацияланады. Жалпы алғанда, "Комирнати" (Pfizer)вакцинациясының  I компонентімен 2 991 адам егілді.

             Екпе кабинеттері мен "Комирнати" препаратын сақтау кабинеттері талаптарға сәйкес келеді және ведомствоның қатаң бақылауында. Облыста 61 екпе бөлмесі жұмыс істейді.