
Алматы облысында 2021 жылдың 01 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 10 қаңтар аралығында COVID-19 расталған 50 847 жағдай тіркелген. Соңғы 2 аптада сырқаттанушылықтың өсуі 0,02% – дан 0,04% - ға дейін ұлғайды, жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші күніне 25-30 жағдай деңгейінде ұсталып тұр.
Жас құрамы бойынша ауырғандардың жоғарғы үлес салмағы 50 және одан жоғары жастағы контингенттер арасында – 39,7% тіркеліп отыр, одан әрі 30-39 жас - 18,8 %, 40-49 жас - 17,5 %, 14 жасқа дейінгі балалар – 9,3 %, 20 - 29 жас аралығындағы жастар арасында – 14,7% байқалады.
2021 жылдың 28 желтоқсаннан 2022 жылдың 10 қаңтарына дейін ауруды алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 27,5% - ға өсуі байқалады. Бұл жаңа жылдық мерекелерге және облыс тұрғындарының санитариялық дәрігерлер ұсынатын шектеу шараларының сақталмауына байланысты. Соңғы тәулікте облыстың 5 ауданында 29 жағдай тіркелді.
Қазіргі жағдайды ескере отырып, иммундау және шектеу шаралары шарттарын қатаң сақтау карантиндік режимнен шығудың кепілі болып табылады. Тек вакцинация және ұжымдық иммунитет облыс тұрғындарына әдеттегі өмір салтына оралуға көмектеседі.
Вакцинацияға келетін болсақ, 2022 жылдың 11 қаңтарындағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентін – 900 362 тұрғын, екінші компонентін – 839 646 адам алды, ал ревакцинация курсын 55 780 адам өтті.
Сондай-ақ, 45 366 жасөспірім, жүкті және бала емізетін әйелдер Pfizer компаниясының "Комирнати" вакцинасының бірінші компонентін алды.