Қызылордада коронавирус эпидахуалы күрделене түсті

Қызылордада коронавирус эпидахуалы күрделене түсті

              Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 19 597 жағдайы тіркелді. Оның 70% клиникалық белгілерімен анықталды. Сыр өңірі эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта, дегенмен соңғы жеті күндегі көрсеткіштер коронавирустың қайта күш ала бастағанын көрсетіп отыр. 2022 жылдың алғашқы 9 күнінде COVID-19 инфекциясына 163 тұрғын шалдықты.  Бұл өткен желтоқсан айындағы барлық тіркелген деректен 27%-ға жоғары. Тәуліктік көрсеткіштер де 2-3 деректен 40-қа жуық жағдайға дейін көтеріліп отыр.

             Соңғы тәулікте  35 жағадай есепке алынды, оның ішінде 6 дерек 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды.  

             Эпидахуал күрделенуінің басты себептерінің бірі – азаматтардың сақтық шараларына салғырт қарап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындамауы сонымен қатар аймақта жұқпалылығы жоғары «омикрон» штамының болуы ықтимал деген болжам бар. Облыста құрылған 167 мониторингтік топпен тұрғындардың және кәсіпкерлік нысандарда карантин талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда.

             COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинациялау көрсеткіштері бойынша облыс республикада алғашқы бестікте. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 92,3% коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алды, ал  85,8%  вирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өтті. Ал «Pfizer» препаратының бірінші екпесін алған тиісті контингент 16,9% құраса, екінші екпесін салдырғандар саны 8,4%. Облыста халықты иммундауға арналған вакцина қоры жеткілікті.

             Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратменті әлемдегі коронавирус инфекциясының күрдделі ахуалын ескере отырып, азаматтарды карантин талаптарын жауапкершілікпен орындауға, вирусқа қарсы вакцинациялауға шақырады.