
Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайы нашарлауда. ҚР аумағында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрица есебі бойынша Алматы қаласы «сары» аймақта орналысты. Өткен тәулікте мегаполисте КВИ-дің 93 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық аурушаңдық инфекцияның берілу индексінің 1,28-ден 1,4-ке дейін ұлғаюы аясында 24,5-тен (488 жағдай) 47,6-ға (972 жағдай) дейін өсті.
Бұрын болжағандай, Алматы қаласында індеттің кезекті толқыны басталды және жаңа жылдық мерекелерден кейін коронавирустық инфекцияның өсу көрсеткіші байқалады. Өткен аптадағы 10 жағдайдан бастап соңғы аптада 48 жағдайға дейін КВИ-мен бұрын ауырып жазылған адамдардың қайта жұқтыру жағдайлары күрт өсті, сондай-ақ вакцинацияланғандар арасында жұқтыру 14 жағдайдан аптасына 24 жағдайға дейін ұлғайды, симптомсыз формалардың желтоқсан айындағы 6%-дан 16%-ға дейін ұлғаюы, бұл қаладағы «омикрон» штаммының айналымына тән.
Ағымдағы жылдың 6 қаңтардағы толық геномдық секвенирлеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен 96 сынамадан 8 сынамада «омикрон» штаммы, оның ішінде 7-уі Алматы қаласынан, сондай-ақ 71% сынамада «дельта» және 16% - да «дельта-плюс» штаммдары анықталды.
Қаланың халықаралық әуежайының жұмыс істеу кезеңінде келетін азаматтарға қатысты эпидемияға қарсы шаралар, сондай-ақ қазіргі уақытта оның жабылуы белгілі бір дәрежеде «омикрон» штаммының әкелінуіне кедергі келтірді. Бірақ жақын елдермен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан) теміржол, автомобиль қатынастарын толыққанды бақылау жүргізілмейтінін ескере отырып, сонымен қатар КВИ-мен жалпы сырқаттанушылықтың өсуі, «омикрон» штаммының Алматы қаласында «дельта» штаммын ығыстыра отырып тез таралып келеді.
Соған орай, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті тұрғындарды, ең алдымен, 20 жастан асқан жастар мен 60 жастан асқан қарт адамдар арасында вакцинациялауға және ревакцинацияға, сондай-ақ қоғамдық орындарда маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.