Теміржол вокзалдарындағы вакцинация пункттері

Теміржол вокзалдарындағы вакцинация пункттері

             Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау мақсатында республиканың теміржол вокзалдары мен әуежайларында 28 егу пункті ұйымдастырылды. Егу пункттерінде жолаушылар, әуежайлар мен теміржол вокзалдарының қызметкерлері вакцинациялауға болады.

             Барлығы, әуе және теміржол көлігінің 123453 қызметкері, сондай-ақ 396 жолаушы вакцинацияланды.

             COVID – 19 − ға қарсы вакцинациямен қатар, ересектерге иммунитетті қалыптастыру және иммундық қорғанысты нығайту үшін ревакинация жасалады.

             Егер алдағы 2022 жылды Қазақстан астанасында қарсы алуды жоспарласаңыз, елордаға келген бойда «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы кешенінде COVID – 19 – ға қарсы вакцина алу және қайта вакцинациялау мүмкіндігі бар.

             Жаңа жылда барлық азаматтарға мықты денсаулық, кез келген инфекциядан иммундық қорғаныс және амандық тілейміз!