Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай

             Пандемия басталғаннан бері Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 21 420 фактісі тіркелді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 27 желтоқсанына дейін КВИ-дің 16 413 жағдайы анықталды.

             Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Жамбыл облысы жасыл аймақта орналасқан. Соңғы аптада 19, ал өткен тәулікте 2 жұқтырылғандар анықталды.

             «Омикрон» штаммының айналымын анықтау үшін биоматериалдың 6 үлгісі Нұр - Сұлтан қаласындағы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының молекулярлық – генетикалық зерттеулер зертханасына толық геномдық секвенирлеуге жіберілді.

             Секвенирлеу нәтижелері бойынша облыста Үнді «дельта» және британдық «альфа» штаммдарының айналымы анықталды. «Омикрон» нұсқасы анықталған жоқ.

             Инфекциядан қорғаудың тиімді әдістерінің бірі - коронавирустық инфекцияға қарсы иммундау. Жамбыл облысы бойынша 27 желтоқсанда 18 жастан асқан 632 681 адам (100,2%) бірінші компонентпен, 549 855 (87,1%) екінші компонентпен вакцинациялаумен қамтылды, 22 286 адам қайта вакцинацияланды.

            Сонымен қатар, Pfizer препаратымен 11 943 жасөспірім, 1 417 жүкті және 1 820 бала емізетін әйел вакцинацияланды.

            Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында санитариялық дәрігерлер маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, басқа елдерге сапар шегуді шектеуді және жаңа жылды отбасымен қарсы алуды ұсынады.