
Ақмола облысында иммундау мен профилактиканың арқасында ағымдағы жылдың 11 айында тырысқақ, іш сүзегі аурулары тіркелмеген. Ал «А» вирусты гепатиті мен сальмонеллез 1,3 есе азайды.
Сонымен қатар, жіті ішек инфекциялар ауруыларының 1,1 есе өсуі байқалады, 161 жағдай тіркелген, сырқаттанғандардың 98%-ы 14 жасқа дейін құрайды. Берілу факторларын талдауға сәйкес, 75% жағдайда ішек инфекцияларының себебі өңдеу ережелерін бұзған, үйде дайындалған өнімдер, дайындау технологиясын, сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдерін сақтамаған, жеке гигиена ережелерін сақтамау болып табылады.
Жақында Жаңа жыл және барлығы мерекелік үстелде бас қосуын асыға күтеді. Алайда, егер сіз тамақ қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін елемейтін болсаңыз, мереке улануға айналуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
Белгіленбеген сауда орындарында немесе қолдан азық-түлік (оның ішінде алкоголь) сатып алмаңыз. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етіңіз. Сондай-ақ, үйдегі өнімдердің сақтау шарттары мен сақтау мерзіміне назар аударыңыз. Барлық тез бұзылатын өнімдер: сүт, шұжық өнімдері, кремі бар кондитерлік өнімдерді тоңазытқышта көрсетілген температурада сақтаңыз.
Жаңа жыл мерекесі бақыт пен жағымды естеліктер әкелсін!