Солтүстік Қазақстан облысында 15 мыңнан астам ЖРВИ тіркелген

Солтүстік Қазақстан облысында 15 мыңнан астам ЖРВИ тіркелген

             Солтүстік Қазақстан облысында санитариялық дәрігерлер жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуін атап өтуде. Әзірге аурудың бақылау деңгейінен асып кетуі байқалмайды. Алайда, эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дің 15 462 жағдайы тіркелді. Өткен маусыммен салыстырғанда аурушаңдықтың өсуі 41% - ға өсті.

             Айта кету керек, ауырып қалғандардың жартысынан көбі - балалар. ЖРВИ-мен 534 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 13 жүкті және бір жасқа дейінгі 155 бала. Сондай-ақ, облыс орталығы Петропавлда А типті тұмаудың екі жағдайы анықталды. Айта кетейік, өткен жылы СҚО аумағында тұмау тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта 90 558 адам немесе облыс халқының 16,5% тұмауға қарсы екпе алды.

            Санитариялық дәрігерлер, тұмауды тіркеу және ЖРВИ статистикасының жоғарылауы санитариялық-карантиндік ережелерді сақтау: қоғамдық орындарда қорғаныс маскаларын кию» -қажеттілігін атап өтуде.

            Сонымен қатар, әлемдік сарапшылар жаңа covid-19 «омикрон» штаммының белгілері ЖРВИ және тұмау белгілеріне ұқсас екенін атап өтті. Олар жаңа штамммен ауыратындардың көпшілігі хабарлаған бес негізгі белгіні анықтады: бас ауруы, мұрынның ағуы, түшкіру, тамақтың ауруы және шаршау. Кейбір адамдар жөтел және тәбеттің жоғалуы туралы айтады.

            Өз кезегінде дәрігерлер «ЖРВИ, тұмау және коронавирусты жеңіл инфекция ретінде қарастыруға болмайды және аурудың басталуын уақытында анықтап, қабындырып алмау керек»- деп ескертеді.

            Солтүстік Қазақстан облысының СЭБД  тұрғындар арасында вирустық инфекциялардың алдын алудың бірден - бір тиімді тәсілі-бұл вакцинация екенін түсіндіру бойынша тұрақты ақпараттық жұмыс жүргізеді және өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін екпе алуды ұсынады.