Халықаралық шекаралардағы санитариялық бақылау

Халықаралық шекаралардағы санитариялық бақылау

             Мереке алдындағы жаңа жыл күндерінде, Қазақстан Республикасының аумағына қауіпті инфекциялардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында, мемлекеттік шекарада алыс және жақын шетелдерден келетін адамдарға санитариялық – карантиндік бақылау ерекше күшейтілді. Шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес тәулік бойы жүргізіледі.

            Халықаралық әуежайларда жолаушылар, міндетті түрде, термометриядан, сауалнамадан өтеді, ПТР әдісімен Сovid−19-ға зертханалық  тексеруден өткені туралы анықтамалары және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау паспорттарының болуына тексеру жүргізіледі. Аанықтамалар болмаған жағдайда, 7 күн ішінде үй карантиніне міндетті оқшаулау жүргізіледі.

            Жаңа жыл қарсаңында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шет елдерге шығуды жоспарлап отырған азаматтарды, сондай-ақ халықаралық авиарейстермен келетін тұрғындар мен қонақтарды эпидемияға қарсы шараларды сақтауға шақырады. Атап айтқанда, өздеріңіздің хал-жағдайыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын бақылау, коронавирустық инфекцияның белгілері болған кезде дәрігерлерге уақтылы жүгіну, адамдар көп жиналатын жерлерде қорғаныс бетперделерді кию, әлеуметтік қашықтық пен жеке гигиенаны сақтау, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өту.