
Пандемияның пайда болуымен біз тыныс жолдарының инфекцияларының алдын-алудың маңыздылығын сезіндік. Коронавирустық инфекциямен қатар жүретін тұмау мен ЖРВИ бар. Маусымдық аурулар, кейбір жағдайларда, SARS-CoV-2 вирусына қарағанда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің есебі бойынша жедел респираторлы вирустық инфекциялары 2020 жылмен салыстырғанда аурушаңдықтың 26,7 %-ға өсуі байқалған. Ауырғандардың ішінде 75,0 %-н 14 жасқа дейінгі балаларды құрайды.
Тұмаумен сырқаттанушылықтың алдын алу шеңберінде халық жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Гриппол+» вакцинасымен екпе алды. Вакцинациямен мегаполис тұрғындарының 12 % қамтылды. Бұл тәуекел тобындағы адамдар: яғни, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұратын балалар, алты айдан асқан жиі ауыратын балалар, балалар және сәбилер үйлерінің балалары, қарттар мен мүгедектер үйілерінің контингенті, медицина қызметкерлері, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер егілді.
Өзіңізді тұмау ауруынан қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау ұсынылады:
- тұмауға қарсы дер кезінде егілу;
- суық тию белгілері бар адамдармен жанасудан аулақ болу;
- адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту;
- медициналық маска кию;
- қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу немесе қолды өңдеуге арналған спиртті құралмен сүрту;
- үй-жайларды ылғалды жинау, желдету және ауаны ылғалдандыруды жүзеге асыру.
Шымкент қаласы СЭБД тұрақты түрде халық арасында тұмау ауруларының алдын-алу бойынша кең ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Дәрігерлер тұмау мен ЖРВИ - мен ауырмау үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды екенін түсіндіреді – бұл толыққанды ұйқы, дәрумендер мен минералдарға бай тамақтану, физикалық белсенділік, таза ауада серуендеу және демалу, денені шынықтыру.