
Пандемия басталғаннан бері Алматы облысында коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 57 650 жағдайы тіркелді. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы «жасыл» аймақта орналасқан. 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші – 2697,2 құрады. Соңғы екі аптанының статистикалық талдауы кезінде облыс бойынша COVID-19 өсу қарқыны 0,04% - дан 0,02% - ға дейін төмендеді. Соңғы тәулікте өңірде 11 оқиға тіркелді.
Алдын алу мақсатында аумақтық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері келген/кеткен азаматтардың денсаулық жағдайын нақтылай отырып, оларға күнделікті мониторинг жүргізеді. Облыс бойынша барлығы 3 санитарлық-карантиндік пункт бар – олар Қытай Халық Республикасымен шекарадағы Панфилов ауданындағы «Нұржолы» және Алакөл ауданында «Достық», «Кеген» өткізу пункті Қырғыз Республикасымен шекарада жұмыс істейді.
«Нұржолы» және «Достық» санитариялық-карантиндік пункттеріндегі бақылауды Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары жүзеге асырады, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері «Кеген» бекетінде бақылау жүргізеді. Өткізу пункттерінде ҚР БМСД 2021 жылдың 2 қыркүйектегі №38 қаулысындағы алгоритмдерде көрсетілген санитариялық талаптардың қатаң сақталуы қадағаланады. Бұл температураны өлшеу, жеке қорғаныс құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қоры, сондай-ақ ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесінің міндетті болуы.
Бүгінгі таңда Алматы облысының мемлекеттік шекарасын 65 870 адам өтті. Олардың арасында КВИ жағдайлары анықталған жоқ.