
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы «жасыл» аймақта орналасқан, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, коронавирустық инфекциямен ауыру жағдайларының аз тіркелгені байқалады.
Қазіргі уақытта қолданыстағы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.10.2021 жылғы №33 қаулысының талаптарына сәйкес салтанатты, естелік, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) іс-шараларын өткізу үшін қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» болған және 50% - ға дейін, бірақ 100 орыннан аспайтын толтырылған жағдайда, банкет залдары «Ashyq» жобасына қатысқан жағдайда жұмыс режимі шектелмей жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Басқа жағдайларда банкеттер мен басқа да салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
Салтанатты, естелік, отбасылық (банкеттер, үйлену тойларын, мерейтойлар) іс-шараларды өткізу кезіндегі шектеулерге қарамастан, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарын бұзатын объектілер бар (объектінің қызметкерлері бетперделер режимін және іс-шараға қатысушылар санының лимитің бұзған), атап айтқанда:
- 11.12.2021 ж. Қаратау ауданы, «Сайрам» елді мекенінде орналасқан «Наурыз» тойханасы;
- 18.12.2021 ж. Қаратау ауданы, «Сайрам» елді мекенінде орналасқан «Жастар» тойханасы;
- 19.12.2021 ж. Қаратау ауданы, Бәйдібек би көшесінде орналасқан «Алатау» тойханасы;
- 19.12.2021 ж. Еңбекші ауданы, Ерімбетов көшесінде орналасқан «Дәстүр» тойханасы.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.
Шымкент қаласының «жасыл» аймақта тұрақты болуына қарамастан, босансуға болмайды, санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік шаралар сақталмаған жағдайда жағдай кез келген уақытта нашар жаққа өзгеруі мүмкін.