
«Ashyq» жобасының арқасында Қостанай облысындағы адал кәсіпкерлер пандемия кезінде өз қызметтерін жеңілдетілген карантиндік шарттармен ұсынуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда өңірде 5 мыңнан аса ШОБ нысаны тіркелген. Олардың 5 411-і жобаға қатысушы, 44-і тестілік режимде жұмыс істеп отыр.
Сонымен қатар, облыстың СЭБД қызметкерлері мен мониторингтік топтар бизнестің барлық өкілдері «Ashyq» жобасының талаптарын сақтамайтындығын атап өтті: жұмыс алгоритмін бұзады, келушілерге check-in жүргізбейді. Мысалға, объектіде QR-код бойынша тіркелімдер өте аз жүргізілгендігі туралы фактілер анықталды. 1 974 ШОБ субъектісі нөлдік чек үшін бір аптаға жобадан шығарылады.
«Ashyq» жобасы іске асырылған уақыттан бастап «қызыл» мәртебесі бар 1 937 келуші және «сары» мәртебесі бар 1 171 адам кіруге тырысқаны анықталды. Өзін-өзі оқшаулаудың қажеттілігі жөнінде бірнеше рет ескертулердің болуына қарамастан, жұқтырғандардың көбі және КВИ науқастарымен байланыста болған адамдар карантин режимін бұзуды жалғастыруда. Сондай азаматтарға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және әкімшілік ықпал ету шаралары мен қаржылық санкциялар қолданылатын болады. Атап айтқанда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.