
Алматы облысында 10 000-нан астам бизнес нысан "Ashyq" жобасының қатысушылары болып табылады. Бағдарлама коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді және адал кәсіпкерлерге карантиндік шаралармен уақыт шектеулерін азайту кезінде өз қызметін жалғастыруға көмектеседі.
10 маусым мен 18 желтоқсан аралығында облыста санитариялық - карантиндік нормаларды бұзған 4 053 адам тіркелді. Халық көп жиналатын орындарға "қызыл" және "сары" мәртебесі бар 1 042 келуші анықталды. COVID-19 тасымалдаушысы болған адамдарға 7 963 390 теңге сомасында айыппұл салынды. Сонымен қатар, науқастармен байланыста болған азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау талаптары туралы 430 қаулы шығарылды.
Бүгінгі таңда Алматы облысында "Ashyq" платформасымен 10 504 кәсіпкер жұмыс істейді. Айта кету керек, бағдарламаны пайдаланудың міндетті шарттарына қарамастан, ережелерді елемейтін қатысушылар да бар. Карантин талаптарын бұзғандармен аумақтық мониторингтік топтар белсенді айналысады. Жұмыс басталғаннан бері шағын және орта бизнес субъектілеріне 9 561 тексеру жүргізіліп, 1 211 бұзушы анықталды. Олардың барлығы "Ashyq" жобасынан екі аптаға уақытша шығарылды.