
Бүгінгі күні Павлодар облысында «Ashyq» жобасына бизнес пен әлеуметтік маңызы бар жеті мыңнан астам нысан қатысуда. Олардың арасында сұлулық салондары, дәмханалар, фитнес-залдар, компьютерлік клубтар адамдар көп жиналатын басқа да орындар бар.
«Ashyq» жобасының көшбасшыларының қатарында 237 нысан бар, 187-сі мемлекеттік және ведомстволық бағынысты ұйымдар болып табылады.
Алайда, барлық кәсіпкерлер жауапкершілікті түсініп, жоба ережелерін орындай бермейді. Мониторинг барысында бағдарламаға қатысушылар арасында нөлдік чекиндері бар ШОБ нысандары да тіркелген, бүгінгі күні «Ashyq» бағдарламасына қатысушы 2580 нысан бір аптаға жобадан шығарылады. Мониторингтік топтардың мүшелері «Ashyq» жобасының аутсайдерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. «Ashyq» жобасы Көшбасшыларының, сондай-ақ белсенділігі жойылған қатысушылардың тізімімен Павлодар облысы әкімдігінің сайтында танысуға болады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің мәліметінше, жыл бойы мониторингтік топтар қалалар мен аудандардағы түрлі нысандарды аралады, 7,5 мыңнан астам рейд жүргізді, 44,5 мыңнан астам нысанды, оның ішінде «Аshyq» жобасына қатысатын 4 263 нысанды тексерді. Шектеу шараларын бұзушылық фактілері 626 нысанда анықталды, оларға қатысты 51 000 000 теңгеден астам сомаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 534 хаттама толтырылды, 34 материал сот қарауына жіберілді.Бұзушылықтардың негізгілері - адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізу, уақыт режимін бұза отырып жұмыс істеу.
Тұрғындардың өздері де карантиндік режимге немқұрайлы қарайды, «қызыл» және «сары» дәрежеге ие бола отырып, сауда үйлеріне, дәмханаларға, «Ashyq» бағдарламасымен жұмыс істейтін мекемелерге жиі барады. Мәселен, 15 желтоқсандағы мәліметке қарағанда, Павлодар облысы бойынша осындай 360 нысанға 2 225 азамат жіберілмеді, олардың 1 611 -«қызыл», 613 - «сары» мәртебесі бар адамдар. Бұзушылардың көбі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында анықталды. Олардың арасында түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді, карантин режимін бұзғаны үшін 400 хаттама толтырылып, оның 14-і сотқа жіберілді.
Павлодар облысының СЭБД азаматтарды қалыптасқан жағдайға жауапкершілікпен қарауға, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, өз денсаулығына және айналасындағыларға қауіп төндірмеуге шақырады.