«Ashyq» жобасы - пандемиядан шығудың бір шарасы

«Ashyq» жобасы - пандемиядан шығудың бір шарасы

              Ақмола облысында 4 987 ШОБ субъектісі мен облыстың мемлекеттік органдары «Ashyq» жобасына қатысу үшін QR-код алды. Оның ішінде 624 қоғамдық тамақтану нысаны, 1 239 сауда орны, 1 002 білім беру нысаны, 697 мемлекеттік орган, 142 қонақ үй, 1 283 ойын-сауық орталығы және басқалары бар.

             Әр жобада озық және артта қалғандар да бар, «Ashyq» жобасында да осыған ұқсас жағдай Бүгінгі таңда облыста 139 көшбасшы және 2 228 аутсайдер бар. Барлық талаптарды сақтайтын және объектілерде QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеудің барынша көп санын қамтамасыз еткен қатысушыларға 2 апталық кезеңде «Ashyq» көшбасшылары мәртебесі беріледі. 2 апта ішінде оларға бірқатар жеңілдіктер беріледі, оның ішінде жұмыс уақыты мен нысанды толтыру уақыты артады.

              Айта кету керек,  кәсіпкерлердің басым бөлігі қонақтар санының белгіленген лимитін сақтау үшін отбасылық, ас беру, салтанатты шараларды өткізу туралы бұйрықты сақтамайды. Мәселен, 01 қарашадан бастап осы уақытқа дейін тексерілген 334 қоғамдық тамақтану объектілерінің 5-інде рұқсат етілген сан лимитінің бұзушылықтары анықталды.

              Көшбасшы мәртебесінің иегері болу үшін сауда ойын-сауық орталығы, облыс орталықтарында, облыстық маңызы бар қалаларда сауда алаңы 5 000 шаршы метрден асатын базарлар 2 апта ішінде 20 000-нан астам тіркеуді қамтамасыз етуі тиіс. Келушілердің белгіленген көлемін QR-код (check-in) бойынша қамтамасыз етпеген қатысушылар аутсайдерлер санатына жатады және кейіннен QR-кодтарды деактивациялай отырып, жобадан шығарылады.

              Мәліметтерге сәйкес, мониторинг жүргізу кезінде аутсайдерлер санының 3,4 есе күрт өсуі байқалады (30 қараша – 653, 3 желтоқсан – 2 228), бұл жобаға қатысуға адал көзқарастың жоқтығын және карантиндік шектеулерді ескермегенін көрсетеді. Егер, мысалы, қазан айында 59 «қызыл» және 38 «сары» мәртебелер тіркелген болса, қараша айында бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмендеді: сәйкесінше 32 «қызыл» және 28 «сары» мәртебелер.

              «Ashyq» жобасы сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерге баруға, облыс ішінде жүріп—тұруға тырысатын, сол арқылы айналасындағыларға жұқтыру қаупін төндіретін «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғалардың жауапкершілігін де көздейді. Әкімшілік айыппұл 30 АЕК мөлшерінде төлеуді көздейді.

               Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азаматтарды мереке күндері жауапкершілікті күшейтуді, осылайша өздерін және басқаларды коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупінен қорғауды сұрайды.