Алматы облысында қызметкерлердің еңбек жағдайлары жақсарды

Алматы облысында  қызметкерлердің еңбек жағдайлары жақсарды

              Іс жүзінде кез-келген кәсіпорын адам денсаулығы мен қоршаған ортаға физикалық және химиялық әсер ету көзі болып табылады. Мысалы, құрылыс индустриясы, мұнда біз: шу, шаң, зиянды факторлардың дірілі, сияқты құбылыстармен байланыста жүрген жұмысшыларды  көріп отырмыз, бұл құбылыстар атмосфералық ауаға да әсер етеді.

             Зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайтуға болады. Ол үшін санитариялық ережелер бар, кәсіпорындарда ереженің сақталуы өндірістік бақылауды ұйымдастыру үшін қамтамасыз етіледі. Бақылаудың мақсаты объектіде санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу арқылы өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігі мен зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

             Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, ресімдейді, енгізеді және жұмыс жағдайында ұстайды. Объектілерде жүргізілетін бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы аумақтық бөлімшелеріне жартыжылдықта 1 рет келесі айдың 5-күніне ұсынылады.

             Өндірістік бақылаудың арқасында Алматы облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарында зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайлары жақсарды. Осылайша жұмыс орындарындағы жұмыс аймағының ауасындағы газдылық 8,2% - дан 1,5% - ға дейін, шаңдану 15,9% - дан 8,1% - ға дейін төмендеді. ЭМӨ, шу, діріл, микроклимат және жарық бойынша жұмыс орындарындағы физикалық факторлардың жай-күйі жақсарды, облыс бойынша жұмыс орындарындағы физикалық факторлардың гигиеналық нормативтеріне сәйкес келмейтін үлес салмағы орта есеппен 19,8% - дан 9,6% - ға дейін азайды. Сондай-ақ зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшыларды мерзімді медициналық тексерулермен қамту 80,5% - дан 99,1% - ға дейін ұлғайды.