
Қазақстан Республикасының аумағына жаңа «Омикрон» штаммының әкелінуіне жол бермеу мақсатында және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 51 қаулысына сәйкес келесі шаралар қабылданды:
- Қазақстанға 11 елден (Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Танзания, Малави және Гонконг) азаматтардың кіруіне шектеу қойылған.
- коронавирустың «Омикрон» штаммымен жұқтыру жағдайлары анықталған елдерден, яғни Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келген адамдар міндетті түрде вакцинацияға қарамастан және үлгілерді іріктеу уақытынан бастап 72 сағаттан кешіктірмей ПТР-тестілеуден өтеді.
- бұдан басқа, «Омикрон» тудырған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР-тестінің нәтижесіне қарамастан 7 күнге өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.
Осыған байланысты Жамбыл облысында Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекара арқылы 6 өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік пункттердің жұмысы күшейтілді.
Бүгінгі күні жаңа "Омикрон" штаммынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген (Египет, Германия, Чехия) еліміздің 13 азаматы анықталды. Біздің еліміздің азаматтары «Манас» халықаралық әуежайы арқылы әуе рейстерімен келді. Барлығы үй карантинінде және 7 күнге медициналық бақылауға алынды.
Ағымдағы жылдың басынан барлық өту пункттері арқылы 536 140 адам өтті, оның ішінде 319 557 жаяу жүргінші, 216 583 жүк көлігінің жүргізушілері.
Теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасының болмауына және вакцинациялаудың болмауына байланысты Қазақстан Республикасының 100088 азаматы 2 күндік карантинге жатқызылды, 35 920 жүргізуші постта COVID-19-ға тексерілді, 48 адамда оң нәтижелер анықталды. Теріс ПТР тесті немесе вакцинация паспорты жоқ 7254 шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат берілмеді.
Мереке алдындағы күндерді ескере отырып және бірқатар елдерде жаңа «Омикрон» штаммының тіркелуіне байланысты біз халықты шетелге барудан аулақ болуға, вакцинациялауға және қарапайым ережелерді сақтауға шақырамыз: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы.