
Елдің тұтыну нарығында өткізілетін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мониторинг шеңберінде ағымдағы жылдың 11 айында 27 966-дан астам сынама зерттелді, олардың 3 149-ы (11,3 %) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес болмай шықты.
Таңбалау ережелерін сақтамау негізгі бұзушылық болып табылады - 78%, оның ішінде тұтынушыны жаңылыстыратын ақпарат бойынша сәйкессіздік -7,9%. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік 14,1%-ті құрады.
Сәйкессіздіктердің басым бөлігі анықталған азық-түлік түрлері: балықта - 27,2%, құс етінде – 24,0%, ет өнімдерінде – 16,7%, нан және нан-тоқаш өнімдерінде – 15,5%, кондитерлік өнімдерде – 9,8%, сүт өнімдерінде – 8,4%, жеміс-көкөніс өнімдерінде - 8,3%, май-май өнімдерінде – 7,8%, ауыз су мен минералды суда – 4,5%, шырындарда – 4,3%, алкоголь өнімдерінде-2,9%, алкогольсіз сусындарда-11,2%, биологиялық белсенді қоспаларда (ББҚ) - 6,6 %.
Негізгі бұзушылықтар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден жеткізілетін өнімде анықталды – 54%, отандық өндірушілерде – 24%, басқа елдерден әкелінген өнімдерде – 22% анықталды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тиісті шаралар қабылдау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға және ЕАЭО уәкілетті органдарына 94 хабарлама, сондай-ақ техникалық регламент талаптарына сай келмейтін өнім шығаруға жол берген отандық өндірушілердің атына 490 хабарлама жіберді.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринариялық-санитариялық санкцияларды енгізу туралы шешімді қарау және қабылдау үшін ЕАЭО мүше мемлекеттердің 47 өнім өндірушісіне қатысты материалдар жолданды. ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетіне өнімнің сапасы мен сәйкестігін растау құжаттарын берудің анық еместігі мен бақылаусыздығын көрсететін 79 материал жіберілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 1 564 ұйғарым беріліп, 8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Сауда сөрелерінен 21 тоннадан астам өнім алынды. Қазақстанда сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу бойынша жұмыс ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ерекше бақылауында.