
Әлемде ЖИТС-тың алғашқы жағдайлары тіркелгеннен бері қырық жыл өтті, бірақ АИТВ-инфекциясы әлі де жаһандық қауіп болып отыр. ЖИТС-ты жою үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени және құқықтық теңсіздікті мүмкіндігінше тез жою қажет.
2021-2026 жылдарға арналған ЖИТС жөніндегі жаһандық стратегия: теңсіздікті жою, ЖИТС-ты жою және осы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының жоғары деңгейдегі кеңесінде қабылданған АИТВ және ЖИТС жөніндегі саяси декларация теңсіздік проблемасына ерекше назар аударады. Теңсіздікті жою ЖИТС эпидемиясын тоқтатып қана қоймай, халықтың негізгі топтарының, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (АӨСА) құқықтарын қорғауға, COVID-19-бен күрестің тиімділігін арттыруға, экономиканы қалпына келтіруді және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Теңсіздікті жою – бұл өзектілігі артып келе жатқан ұзақ мерзімді жаһандық міндет. Бұл бізден денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық, соның ішінде АИТВ-ға жауап беру шараларына жаңа көзқарасты талап етеді. АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату үшін стигма мен кемсітушілікті жою қажет, қоғамдық белсенділік пен ынтымақтастық АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ақпаратпен, көрсетілетін қызметтермен, әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етудің кепілі болуға тиіс.
Науқан аясында елімізде түрлі іс-шаралар өткізілді. Олардың көпшілігінің форматы – онлайн. Әлеуметтік желілерде #Услышать Каждого #Әрбірін Түсіну #toHear Everyone хештегімен челлендж өткізілді.
Орталық Азия АИТВ-пен өмір сүретін адамдар қауымдастығы (АӨСА ОАҚ) әлеуметтік желілерде теңсіздікті жою, адам құқықтарын қорғау, стигма мен кемсітушілікті жою сияқты өзекті тақырыптарға бейнероликтер шығарды. «AFEW Questions» бейне-жобасы АИТВ, туберкулез және басқа да әлеуметтік маңызды аурулар саласында жұмыс істейтін адамдар туралы әңгімеледі.
Жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-ға қатысты стигманы төмендету бойынша зерттеу шеңберінде Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы науқан күндері стигманы төмендету бойынша медиа контентті әзірлеу жөнінде онлайн-краудсорсингтік конкурс жариялады.
«Ғылыми-практикалық бастамалар орталығы» қоғамдық қоры ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қормен бірлесіп, ЖИТС орталықтары мен достық кабинеттерінің дәрігерлеріне арналған қарым-қатынасқа дейінгі профилактика жөнінде семинар өткізді.
Алматылық дәрігерлер мектеп және колледж педагогтары арасында оқу орындарында стигма мен кемсітушілікке жол бермеуге мұғалімдердің назарын аудару үшін #СтопВИЧАлматы челленджін ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтанда АИТВ-ның алдын алу бойынша ойын-викторинамен жастарға арналған форум өткізілді, ал «Астана» медицина университетінің студенттері арасында дебаттар өтті.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері жастарға АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізу арқылы акция өткізді.
Білім беру жүйесінде АИТВ тақырыбы бойынша ең үздік ашық сабаққа конкурс Ақмола облысында, ал Семей қаласының Жастар сарайында «АИТВ қалай берілмейді» деген челлендж өтті.
Батыс Қазақстан облысы ЖИТС орталығының мамандары ҚАЖД мекемелерінде АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратып, тренингтер ұйымдастырды. Қарағандыда «Сенің таңдауың – сенің өмірің!» атты фотокөрме өтті.
Облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармалары онкүндік өткізу туралы бұйрықтар шығарды. Өңірлерде ЖИТС орталықтарының мамандары баспасөз конференцияларын өткізді, баспасөз хабарламалары жарияланды, телебағдарламалар ұйымдастырылды. Алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарында санбюллетендер шығарылды, ерікті негізде барлық ниет білдірушілерге АИТВ-ны тасымалдаушылыққа экспресс-тестілеуден өту ұсынылды.
Білім беру ұйымдарында жастар форумдары, дебаттар, кинолекториялар, фотокөрмелер, сурет байқаулары, ашық сабақтар, журналистер арасында АИТВ - инфекциясы тақырыбы бойынша үздік жарияланым байқаулары өтті.
Халықтың назарын аудару мақсатында сыртқы жарнама орналастырылды, жарықдиодты экрандарда бейнероликтер көрсетілді, сауда-ойын-сауық орталықтарында ақпараттық-білім беру материалдарын таратумен акциялар өткізілді.
Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты көптеген өңірлік іс - шаралар «Zoom» онлайн форматында, ал оффлайн форматында-жеке қорғау шараларын сақтай отырып өтті.
Онкүндікті өткізу бойынша жаңалықтар материалдары БАҚ-та жарияланды: ЖИТС орталықтарының сайттарында, әлеуметтік желілерде, Фейсбук, Instagram, ВКонтакте және т.б. Республикалық және өңірлік басылымдарда АИТВ-инфекциясының алдын алудың өзекті тақырыптарына мақалалар жарияланды.
Онкүндік аясында барлығы 1 673 іс-шара өткізіліп, 95 469 адам қамтылды. 72 баспасөз релизі жарияланды, 10 баспасөз конференциясы өткізілді. Телеарналарда 82 бағдарлама, радиода 51 бағдарлама көрсетілді. Ақпараттық агенттіктерде 59 материал, эл. БАҚ - 568. Баспа басылымдарында 134 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 1 557 ақпарат орналастырылды. Экрандардың әртүрлі түрлерінде бейнероликтер ротациясы жүргізілді - трансляциялар саны – 483 237, аудиороликтер - 75 763. Әлеуметтік жарнаманың 75 баннері мен плакаттары орналастырылды.
Дүниежүзілік науқанның өзектілігі әлемде АИТВ эпидемиясының даму тенденциялары мен цифрын көрсетеді. ЮНЭЙДС деректері бойынша алдағы он жылда АИТВ-ның жаңа жағдайларының негізгі өсуі Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде тіркелетін болады. Дәл осындай үрдіс біздің елімізде де байқалады. Қазақстанда бүгінде АИТВ-мен өмір сүретін 28 335 адам тұрады және олардың барлығы диагноз қойылғаннан кейін бірден тегін ем ала алады.
Бүгінде Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының эпидемиясы шоғырланған сатыда тұр. Жыныстық жолмен берілудің тұрақты үрдісі байқалады. Соңғы он жылда АӨСА-ның өлім-жітімі 1,5 есе азайды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 83 пайызы өз мәртебесін біледі, олардың 73 пайызы антиретровирустық терапияны қабылдайды, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 84 пайызының вирустық жүктемесі басылған. ЮНЭЙДС 90-90-90 стратегиясын іске асыру нәтижелері осындай.