Денсаулығына қауіп төндіріп - карантин шараларын бұзуда

Денсаулығына қауіп төндіріп - карантин шараларын бұзуда

              Қарағанды облысының 1 қазаннан бастап "сары" аймақта болуына қарамастан, коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай өзгермей отыр, тәулігіне 95-100-ден астам жаңа жағдайлар тіркелуде.

              Облыс эпидемиологтары бұл жағдайдың себептерінің бірі тұрғындардың биоқауіпсіздік бойынша қарапайым шараларды сақтамауынан деп санайды, осылайша өткен уақыт ішінде карантин режимін бұзу фактілері бойынша 1 798 айыппұл салынып жалпы сомасы 139 724 777 теңгеге тең. Оның ішінде жұмыс режимін шектеуді бұзғаны үшін – 325 айыппұл, маска режимін сақтамағаны үшін – 1 171 айыппұл, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар сияқты отбасылық, еске алу іс – шараларын өткізгені үшін - 190 айыппұл салынды.

              Карантин режимін бұзушылықтарды мониторингтік топтар анықтайды, олардың саны облыста 119, жыл басынан бері 21 886 рейд жүргізілді, оның ішінде 1 970 объектіде бұзушылықтар анықталды.

              Шынында да, әрбір карантин талабын бұзудың артында коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар және әр мутациямен бұл қауіп бірнеше есе артады.

              Сонымен қатар, үй карантинін сақтау туралы көптеген өтініштерге қарамастан, коронавирустық инфекциямен ауыратындар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзуды жалғастыруда, "Ashyq" мобильді қосымшасы бойынша 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін өткен кезеңде "қызыл" мәртебесі бар 229 тұрғынға 10 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Амбулаториялық ем алушылар және науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауы тиіс. Өзін — өзі оқшаулау және карантинді сақтау -коронавирустық инфекцияны таратпауға қажетті шектеу шараларының бірі.

             Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық тұрғындарға бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауға, бүкіл әлемде, Қазақстанда, атап айтқанда біздің облыста коронавирустық инфекциясының "омикрон" нұсқасының қаупін ескере отырып, вакцинацияға деген көзқарасты қайта қарап, дұрыс шешім қабылдап, өздерін және айналасындағы адамдарды қорғауға шақырады.