
"Омикрон" коронавирусының жаңа штаммы бүкіл әлемде алаңдаушылық тудыруда. КВИ-дің бұл нұсқасы 32 мутацияға ие және "дельтаға" қарағанда жұқпалы. Оның республика аумағына әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда ағымдағы жылдың 3 желтоқсанынан бастап мынадай шаралар қабылданды:
- 11 елден келетін шетел азаматтарының Қазақстанға кіруін шектеу (Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Танзания, Малави және Гонконгтан).
- Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет сынды коронавирустық инфекцияның "Омикрон" штаммы анықталған елдерден келген адамдар міндетті түрде вакцинацияның толық курсын қабылдағанына қарамастан және сынамаларды іріктеу уақытынан бастап 72 сағаттан кешіктірмей ПТР-тестілеуден өтеді.
- бұдан басқа, "Омикрон" штаммы анықталған елдерден келген адамдар ПТР-тестінің нәтижесіне қарамастан 7 күн мерзімге өзін-өзі оқшаулауға (үй карантиніне) жатады.
Нұр-Сұлтанда бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның "Омикрон" штаммы анықталған елдерден (Египет, Германия, Ұлыбритания) келген 227 адам үй карантиніне жатқызылды, оларға тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылау жүргізілуде. Барлық 227 адамның ПТР-тесті теріс нәтижені көрсетті.
Жаңа "Омикрон" штаммы алдыңғы штамдарға қарағанда жұқпалы. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарын шетелге ұшудан аулақ болуға және осы қауіпті вирусқа жауапкершілікпен қарауға шақырады. Тек, әрбір азаматтың вакцинацияға, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз етуге ортақ күш-жігері мен қатысуы арқылы біз пандемияны жеңеміз.