СҚО санитариялық дәрігерлері 30 градустық аязда үсіктен сақтану жолын түсіндірді

СҚО санитариялық дәрігерлері 30 градустық аязда үсіктен сақтану жолын түсіндірді

              СҚО-да алдағы аптада 30 градус аяз күтілуде. Мереке күндері 16 желтоқсаннан бастап термометр 38 градусқа дейін төмендейді, - деп болжайды синоптиктер. Айта кету керек, өткен жылы қыс мезгілінде өңірдің жарақат пункттеріне мыңға жуық адам жүгінген, оның ішінде 100 солтүстікқазақстандық түрлі дәрежедегі үсік алған.

              Осыған байланысты СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары көшеде үсіп қалмауға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады. Тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен дененің жабылмаған бөліктері үсікке ұшырайды: құлақ, мұрын, бет, қол, аяқ, саусақтар.

              Негізінен үсік қарт адамдарда, сондай-ақ жас балаларда байқалады. Өйткені, олардың терісі нәзік және суық ауа райында үсіктің жоғары қаупі бар. Сонымен қатар, жасына байланысты балалар қатып қалатынын түсінбейді және бұл туралы ата-аналарға айта алмайды. Көбінесе олар ұзақ уақыт бойы ойын алаңдарында аналарымен бірге қыдырады. Тәуекел тобына сонымен бірге иммунитеті әлсіреген және аурудан кейінгі адамдар да кіреді. Сондай-ақ, мас күйінде адамдар дененің бөліктерін жиі үсікке шалдырады, себебі олардың сыртқы факторларға кешіктірілген реакциясы болады.

              Терінің шаншуы, қанның ұюуы және аяқ-қолдардың нашар жұмыс істеуі. Үсік көбінесе осы белгілерден басталады. Көбінесе зақымдалған аймақтың өзі қызара бастайды. Үйге оралғанда, санитариялық дәрігерлер судың температурасын біртіндеп көтеру арқылы үсік шалған қол немесе табанды  жылы суға салуға кеңес береді, бірақ ешқандай жағдайда ыстық суға салуға болмайды. Егер суға қол жетімділік болмаса және жылы бөлмеге кіру мүмкіндігі болмаса, онда өз денесінің жылуы адамға жылынуға көмектеседі. Мысалы, тонған қолды қолтыққа тығып жылытуға болады.

             Егер тері қатайып, күлдіреуік пайда болып ағара бастаса, санитариялық дәрігерлер мұндай жағдайларда дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді. Дененің тонған жерін қармен сүрту қателік болып табылады. Бұл үсіген жерді одан сайын әлсіретеді, өйткені тері осы уақытта онсыз да осал- дейді дәрігерлер. Үсік шалған қолды ашық отта немесе электр құралдарының көмегімен жылытудың қажеті жоқ. Өйткені, үсік шалған кезде терінің сезімталдығы нашарлайды және жылынудың орнына күйік алу қаупі бар.

             Егер адамның дене температурасы төмендей бастаса, ұйқышылдық пайда болса, тілі күрмелсе, суықтан адам дірілдей бастаса онда оны тез арада жылы бөлмеге жеткізіп, жылы киіммен жылыту керек. Бірақ бұл жағдайда ваннаны қабылдауға, сондай-ақ адамды алкогольмен есін жидыртуға болмайды.

             Мамандар сонымен қатар үсікті алдын алу үшін қыста жылы киіну керек екенін айтады. Қыста көбінесе полиэстер мен полипропилен жасалынған киімдерді киген дұрыс. Жүн мен флистен жасалған заттар жылуды тиімді сақтауға көмектеседі.