Шығыс Қазақстан облысында карантиндік талаптардың сақталуы тұрақты бақылануда

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік талаптардың сақталуы тұрақты бақылануда

              Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы 8 қарашадан бастап «жасыл» аймақта. Облыстың «жасыл» аймаққа өтуі ҚР және облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен белгіленген жекелеген карантиндік шектеулерді сақтау қажеттілігін жоймайды.

              Шығыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин кезеңінде жұмыс істейтін объектілердің санитариялық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау үшін мониторингтік топтар құрылды.

              Бүгінде облыста 200 мониторингтік топ жұмыс істейді.

              Мониторингтік топтың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, ішкі істер органдарының өкілдері, жұртшылық және еріктілер, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар кіреді.

              2021 жылдың 1 қаңтары мен 5 желтоқсаны аралығында мониторингтік топтар 29 569 рейд жүргізді, 85 861 объектіні тексерді, оның ішінде 5 824 нысаннан санитарлық талаптың сақталмауы туралы бұзушылықтар анықталды.

              Ағымдағы жылдың көрсетілген мерзімінде анықталған бұзушылықтарға байланысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы 1 бөлігі бойынша карантиндік және шектеу режимі мен санитарлық ережелердің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 507 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 145 млн. теңгеден астам 2 367 айыппұл салынды.

             Оның ішінде лауазымды тұлғаларға – 5, бизнес субъектілеріне – 89, жеке тұлғаларға – 2 273.

             Көпшілік жиналатын орындарда бетперделік тәртіпті сақтамау әлі де байқалады. Сондықтан санитарлық ережелер мен мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің барлық талаптарын сақтауды сұраймыз.