Түркістан облысында 1 030 875 азамат коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Түркістан облысында 1 030 875 азамат коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

              Түркістан өңірінде  белгілі бір иммунитет қалыптасты. Қазіргі таңда   1 030 875   азамат коронавирусқа қарсы вакцинаның    I-ші компонентін  салдырды.  Вакцинациялау жұмыстарының нәтижесі  аймақтағы  эпид ахуалдың одан әрі  тұрақтанып, аурушаңдықтың  белең алмауына едәуір септігін тигізуде.   Екі   апталық көрсеткіште  коронавирусқа шалдығу -148 жағдайға, пневмония -11 жағдайға төмендеген. Дегенмен мамандар  жаңа штаммдардың пайда болуына байланысты сақтық шараларын ұстану қажеттігін еске салады.

                Түркістан өңірінде 22- қарашадан бастап ревакцинациялау жұмыстары басталған. Қазіргі таңда  1461 азамат қайта екпе алған.

                Сондай-ақ, Түркістан облысында ​ҚР БМСД-нің қаулыларына сәйкес, жасөспірімдер  мен  емізулі, жүкті әйелдер  “Комирнати”  Pfizer вакцинасын салдыруда.  Бүгінгі күнге 12-17 жас аралығындағы түркістандық  24 384 жасөспірім, 3 264 жүкті, 2 299 бала емізу кезеңіндегі әйелдер Pfizer вакцинасын салдырды.  Вакцина салдырғандардың арасында  ешқандай теріс әсер көріністері тіркелген жоқ. ​

               Облыс эпидемиологтары ата-аналарды  балаларының  денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырып, коронавирус инфекциясына қарсы  вакцина салдыру қажеттігін айтады. Себебі жаңа оқу жылының басынан 326 оқушы Covid-19 инфекциясына шалдықты.

               Өңір  тұрғындарын   карантин талаптарын сақтауға, бетперделік режим, ара қашықтық сақтау, мерекелік күндерде адам көп шоғырланған орындарға барудан барынша аулақ болуға шақырады!