
Маңғыстау облысында эпидемиялық маусым басталғаннан бері жедел респираторлы вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 9255 жағдайы тіркелген, 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш-1256,10, оның ішінде 69 тұмау жағдайы. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық (2476 жағдай, көрсеткіш-350,04) 3,5 есе өскені байқалады. 2020 жылы тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.
Жедел респираторлы вирустық инфекция – мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар – (6176) 66,7%, 1 жасқа дейінгі балалар – (1271) 13,7%, жүкті әйелдер - (263) 2,8% құрайды. ЖРВИ – мен ауыратын оқушылардың үлес салмағы (1724) 18,6% - ды, тұмаумен - (5) 13,5% - ды құрады. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері пневмонияның 307 жағдайы тіркелді, оның 272-сі немесе 88,6% 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Оқушылар арасында топтық аурулар тіркелген жоқ, білім беру ұйымдарында оқу процесі тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта А/H3N2 тұмау вирусының айналымы анықталды. Бұдан басқа, алдыңғы жылдардағыдай Маңғыстау облысының аумағында риновирустық және аденовирустық, метапневмовирустық, бокавирус, коронавирус және РС вирустық инфекциялар сияқты тұмау емес инфекциялар айналымда.
Тұмау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар облыста ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап кешенді түрде жүргізіледі. Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі-вакцинация. Биыл жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға тұмауға қарсы 120 000 доза көлемінде ресейлік өндірістің "Гриппол плюс" вакцинасы сатып алынды.Бүгінгі күні тұмауға қарсы екпемен егу аяқталды, облыс халқының 16,3% - ы қамтылды.
Үкімет қаулысына сәйкес сатып алынған вакцинаға халықтың неғұрлым осал топтарына (ересектер мен созылмалы өкпе, жүрек - қан тамырлары аурулары бар, иммун тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалар), қарттар үйлері мен балалар үйлеріне, медициналық емдеу мекемелеріне вакцинация жүргізілді
Бұдан басқа, облыс аумағында жыл сайын жұмыс берушілер есебінен өндірістік кәсіпорындарда (демеушілік көмекпен) жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін егумен қамтамасыз ету жүргізіледі, қазіргі уақытта 352 адам қамтылды және ақылы негізде облыстың 24 тұрғыны егілді.
Тұмау жас балалар мен қарт адамдар үшін, созылмалы аурулары бар және иммунитеті төмен адамдар үшін өте қауіпті. Уақытылы емделмегенде, асқынған жағдайда тұмау пневмония, плеврит, инфракт, менингит және жоғарғы тыныс жолдарының ауруларымен асқынады. Сондықтан тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған сәттен бастап үйде қалып, дәрігерді шақырып, оның кеңесіне құлақ асу керек.
Тұмаудан қорғау үшін дененің қорғанысын арттыру ұсынылады-дене шынықтырумен айналысу, дұрыс тамақтану, уақтылы және жеткілікті демалу, дәрумендер мен минералды кешендерді қабылдау,қолды үнемі және мұқият сабынмен жуу, қолды тазартуға арналған алкоголь бар өнімдер де тиімді, түшкіру немесе жөтел кезінде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын сүлгімен жабу. Инфекция дәл осылай таралады. Мүмкіндігінше отбасының басқа мүшелерімен байланысқа түспеу, медициналық маска кию, жеке гигиена ережелерін сақтау. Бұл басқаларға жұқтырмау және вирустық инфекцияны таратпау үшін қажет.