
Алматы қаласында 2021 жылғы 18-24 қараша аралығында «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысанына кірген кезде сканерлеу нәтижесінде 24 тұрғынның «қызыл» мәртебесі расталды. COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, мейрамхана, театрлар, ТЖ вокзал, СОО, базарлар, мектептер, білім беру ұйымдар, қонақ үйлер, сұлулық салондар және т.б. нысандардың қызметтерімен пайдалануға тырысты, алайда олар объектіге кіргізілмеді.
Мегаполисте 2021 жылдың 24 сәуірінен 23 қарашасына дейін барлығы 12 106 тұрғында «қызыл» мәртебесі, 1 447 тұрғында «сары» мәртебесі расталды. Алматы қаласы бойынша 2021 жылдың 28 сәуір мен 3 желтоқсан аралығында «қызыл мәртебесі» расталған 3 113 жеке тұлғаға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 145 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қараша айында Алматы қаласы бойынша "қызыл" мәртебесі бар 202 жеке тұлғаға айыппұл салынды, бұл көрсеткіш қыркүйек айындағы көрсеткішпен салыстырғанда (1219 адам) 6 есе төмен, бұл мегаполистегі «ASHYQ» жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоғары нәтижесіне, сондай-ақ халық арасындағы азаматтық жауапкершіліктің артуына байланысты.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында «ASHYQ» жобасы бойынша 10 223 қатысушы, ерікті қатысушылар ретінде 13 138 қатысушы жұмыс істейді. «ASHYQ» жобасының көшбасшылары 378 қатысушы болып табылады. Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушілерді сканерлеу ерекше бақылауда.
Өз кезегінде, Алматы каласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға тағы да шақырады. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауына және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармауына шақырамыз.