
Күннің суытуымен бірге тұмау мен жіті респраторық вирустық инфекциялардың эпидемиологиялық ахуалы өрши түседі және бұл медициналық және әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Статистика бойынша инфекциялық паталогиялар науқастанғандардың саны жағынан да, кез келген мемлекеттің денсаулық сақтау саласы мен экономикасына елулі зардап келтіру жағынан да алдыңғы орында.
Эпидемиологтардың айтуынша, өткен 2020 жылы қабылданған қатаң карантиндік шектеу шаралары тұмау мен ЖРВИ аурушаңдығының төмендеуіне айтарлықтай өз әсерін берді. Эпидемияға қарсы жедел шаралар қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап халықтың жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен, сондай-ақ тұмау вирусының өңірлік айналымымен сырқаттанушылығының жай-күйіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. 2021 жылдың эпидемиялық маусым басталғаннан бері еліміздің 11 өңірінде А (Н3N2) тұмауының 208 жағдайы тіркелген, оның ішінде 72-сі 14 жасқа дейінгі балалар арасында (34 %) анықталды.
Вакцинация - өзіңізді және жақындарыңызды тұмау мен ЖРВИ-ден қорғаудың ең тиімді әдістерінің бірі. Бүгінгі күні тұмауға қарсы 2 571 249 қазақстандық вакцинацияланды, бұл тиісті контингенттің 13% - ын құрайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарға алдын-алу шараларын қатаң сақтауды ұсынады, бұл қарапайым әрекеттер және денсаулықты сақтау мен иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Әлеуметтік қашықтықты сақтау, қоғамдық көліктерде және адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию, қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерге баруды шектеу қажет.
ЖРВИ немесе тұмаудың алғашқы клиникалық белгілері байқалғанда өз бетімен емдеумен айналыспаңыз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Тұмау, ең алдымен, бұрыннан бар созылмалы аурулардың өршуі және ауыр асқынулардың даму (синусит, отит, бронхит, трахеит, синусит, пиелонефрит, цистит, миокардит, жүрек-тамыр жүйесі аурулары) қаупін тудыруы мүмкін.