ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді

ВАК отырысы: Е. Тоғжанов коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты бірқатар тапсырма берді

                Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.  

                Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер COVID-19-ға қарсы күресу, "омикрон" жаңа штаммы таралған елдерде болған қазақстандықтардың оралуы және одан кейінгі карантин мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысты болды.  

                Вице-Премьер елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтіп, халықты коронавирустық инфекцияға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.   

                 Ведомствоаралық комиссия жоспарлы иммундаумен  қамту 10 ай ішінде оңтайлы көрсеткіш 95%-дан кем емес оңтайлы 79%-ды құрайтынын атап өтті. Республиканың барлық өңірлерінде пневмококк инфекциясы, көкжөтел, дифтерия, сіреспеге (АКДС) қарсы вакцинациялаумен қамтуға қол жеткізілмеген.  

                 Республикалық мәннен төмен көрсеткіштер Атырау (62,3 %), Павлодар (64,7 %), Ақтөбе (66,1 %), Маңғыстау (66,4 %), Батыс Қазақстан облыстарында (67,4 %) және Алматы қаласында (63,4%) байқалады. Иммундау қарқыны қазан айынан бастап тұрақты төмендеп келе жатқан  өңірлердің, Қарағанды, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басшыларына сеніп тапсырылған аумақтардың халқын вакцинациялаумен қамтуды ерекше бақылауға алу тапсырмасы берілді.