Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен аурушаңдық тұрақтануда

Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен аурушаңдық тұрақтануда

               27 қарашадан бастап Павлодар облысы сары аймаққа кірді, эпидемиологтар коронавирус инфекциясымен аурушаңдықтың күнделікті тіркелуінің төмендеуін атап өтуде, алғашқы тәулікте 91 жағдай тіркелді. Өткен тәулікте облыста 200-ге жуық адам екпе алды.

              Соңғы кезде тұрғындар емханалар мен егу пункттерінде иммундаудан белсенді өтіп жатқанын айта кету керек, 2 желтоқсандағы  жағдай бойынша Павлодар облысының 342 000 астам тұрғыны коронавирустан бірінші компонентпен егілді, яғни 69%. Екінші компонентпен егілген тұрғындардың саны - 316 882, вакцинаның үшінші дозасын 600 адам алды.

              19 қарашадан бастап облыста жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды «Комирнати» вакцинасымен (Пфайзер, АҚШ) иммундау басталды. Бүгінгі күні 1 022 жасөспірім, 57 жүкті, 462 бала емізетін ана вакцинацияланды.

              Бүгінде Павлодар облысында медициналық мекемелерде 103 егу пункті жұмыс істейді, 3 пункт Караван, Артур және Квазар сауда үйлерінде орналасқан. Облыс бойынша 67 көшпелі вакцинациялау бригадасы ұйымдастырылды.

              Павлодар облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Теле және радиоарналар эфирінде Департамент мамандары тұрғындар сұрақтарына жауап береді, коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша, оның ішінде вакцинациялау қажеттілігі туралы ресми интернет-порталдар мен әлеуметтік желілерде ақпарат орналастырылады. Ата-аналар комитеттерімен, қоғамдық белсенділермен, оқу ұйымдарының басшыларымен онлайн-кездесулер өткізіледі.