
Жамбыл облысының тұрғындары арасында жүргізіліп жатқан вакцинациялау жұмыстары коронавирустық инфекция аурушаңдығын төмендетуде маңызды рөл атқарады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл облысы тұрақты түрде «жасыл» аймақта тұр. Қазіргі уақытта тәулік сайын КВИ-дің орташа 10 жағдайы анықталады.
Жамбыл облысында 18 жастан асқан 631300 адам вакцинациялауға жатады. 1 компонентті 605 219 (95%) облыс тұрғындары алды, 502 967 адам (79%) вакцинация курсын аяқтады.
Бүгінгі күні облыс бойынша 2521 адам Комирнати вакцинасын алды, оның ішінде 12-17 жастағы жасөспірімдер - 2091, 163 жүкті және 267 емізулі әйелдер.
Айта кету керек, осы жылдың 22 қарашасынан бастап КВИ – ға қарсы ревакцинация кампаниясы басталды. Ревакцинация-бұл вакцинаның екі компонентінен кейін алынатын қосымша доза. 22-30 қараша аралығында облыс бойынша барлығы 389 адам қайта вакцинацияланды.
Облыстың эпидемиолог дәрігерлері атап өткендей, иммундаудан кейін қолайсыз реакциялар тіркелген жоқ. Тұрғындарды иммундау науқаны жалғасуда.
Азаматтар медициналық ұйымдардың 118 кабинетінде екпе ала алады, сондай-ақ 30 көшпелі егу бригадасы және 10 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.
Ғалымдар Африканың оңтүстігінде коронавирустың жаңа омикрон- штаммын анықтағандықтан және оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары «Қарасу», «Қордай», «Аухатты», «Сартөбе», «Айшабибі», «Сыпатай батыр» мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін 6 автомобиль өткізу пункттерінде шетелден келген адамдарға мониторинг жүргізу күшейтілді.