Атырау облысында вакцинация жұмыстары туралы

Атырау облысында вакцинация жұмыстары туралы

              Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы №46 қаулысына сәйкес «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасымен 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүктіліктің 16 – 37 аптасындағы жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді вакцинациялау басталған болатын.

              2021 жылдың 20 қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау облысында «Комирнати» вакцинасының алғашқы дозасын 316 адам алды. Оның ішінде жүктіліктің 16-37 аптасындағы аралығындағы жүкті әйелдер - 11, лактация кезеңіндегі әйелдер - 168, 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер саны - 137. 

              Вакцинация жүргізу алдында медицина қызметкері олардың артериялық қысымын, сатурация, температурасын өлшей отырып, тері жабындары мен көрінетін сілемейлі қабықтарды қарап тексеріп, жалпы жай-күйін бағалайды.  Қазақстанда жасөспірімдерді вакцинациялау ерікті және олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің алдын ала ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.

              Сонымен қатар, елімізде 2021 жылы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алғандарды 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап ревакцинациялау жұмыстары қарқынды түрде  жүргізілуде. Ревакцинация басталғанға дейін облыста үлкен дайындық жұмыстары атқарылды: егу кабинеттерінің дайындығына мониторинг жүргізілді, медициналық қызметкерлер үшін ревакцинация алгоритмі бойынша оқыту семинарлары, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.    

              Бүгінгі күнге Атырау облысында оны 168  адам өтті. Алдыңғы қатарда медицина қызметкерлері, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, 60 жастан асқан және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар алуда. Атырау облысында барлығы бірінші компонентпен 249 385 адам егілді. 228 750  адам екінші компонентпен егілді.

               Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды COVID-19 жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі.