
Түркістан облысында «Ashyq» бағдарламасы 2021 жылдың маусым айынан қолданысқа енгізіле бастады. Қазіргі уақытта 9494 кәсіпкерлік нысандар жүйені пайдалану үстінде.
«Ashyq» бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі - карантин кездерінде кәсіпкерлік оъектілердің қызмет көрсетуіне жол ашу және оқшаулау режиміндегі азаматтарды қоғамдық орындарға жібермеу. Себебі, науқастар 14 күндік үй карантин режимін бұзып, айналасына Covid-19 инфекциясының таралу қауіпін тудырады. «Ashyq» бағдарламасының эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қосар ықпалы орасан.
Деректерге сәйкес, Түркістан облысында 10- маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін оқшаулау режимін бұзудың жалпы 704 фактісі тіркелді. Бір емес бірнеше рет оқшаулау режимін 869 азаматтың бұзғандығы тіркелді. Оның 349-ы «қызыл» мәртебедегі, 355-і «сары» мәртебедегі үй карантині талаптарын елемегендер. «Қызыл» статустағы азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 227 жеке тұлғаға хаттама толтырылып, 9 976 120 тенге айыппұл салынды.
Түркістан облысында сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру бойынша ҚР БМСД қаулыларына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.