
Қостанай облысында халықты коронавирус инфекциясына қарсы иммундау белсенді жүріп жатыр. Егу компаниясы жүргізілген сәттен бастап бірінші компонентпен 339 228 адам, толық курсты 316 673 адам өтті. Халықты иммундау үшін Спутник V, QazVac, Sinopharm, Pfizer сияқты вакцина қолданылады.
Өңірде «Pfizer» препаратымен егілу 22 қарашада басталды. 35 100 доза көлеміндегі вакцинаның алғашқы партиясы облыстық денсаулық сақтау басқармасының орталық қоймасына жеткізілді. Бүгінгі күні аталмыш препаратпен 679 адам егілді. Олардың ішінде: 9 жүкті әйел, 61 бала емізетін ана, сондай-ақ 12 жастан асқан 609 жасөспірім бар.
Суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес вакцинаны 60-90 градус ультра төмен температура режимінде сақтау үшін 2 мұздатқыш камера сатып алынды. Қазіргі уақытта «Pfizer» халықтың үш санаты үшін көрсетілген. Бұл 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер. Жасөспірімдер арасында вакцинация ерікті. Ата-аналар мен заңды өкілдердің алдын-ала ақпараттандырылған келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Коронавирустық инфекцияға қарсы халықты ревакцинациялау аймақта 22 қараша айында басталды. СЭБД өкілдері 24 қарашада азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп, дидарласу барысында тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу туралы айтылды. Қостанай облысының СЭБД басшысының орынбасары Ю.И.Севостьянов халық арасында КВИ таралуының алдын алу және ревакцинация регламентіне қатысты құжатты түсіндірді.
Бүгінгі таңда ревакцинациядан 125 адамы өтті. Бұл процедура екі кезеңнен тұрады. Ең алдымен ревакцинацияны тәуекел тобындағы адамдар өтеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін халықтың осал топтары – медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің, әлеуетті құрылымдардың медицина қызметкерлері, педагогтары, персоналы мен контингенті қайта вакцинациялауға жатады.