
Екінші апта өңірде 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүктіліктің 16-37 аптасындағы жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерді, "Pfizer" препаратымен вакцинациялау жалғасуда. СҚО-да барлығы 1567 адам егілді. Оның ішінде 1149 жасөспірім, 371 бала емізетін және 47 жүкті әйел. Барлық егілгендер өздерін қанағаттанарлық сезінеді, жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ.
Өңірде барлығы 4550 жүкті әйел, оның 6105-і лактация кезеңінде, сондай-ақ 32 мың жасөспірім вакцинациялауға жатады. Көптеген жас жігіттер мен қыздар вакцинаны қойды немесе жоспарлап отыр. Олардың айтуынша, егер олар КВИ-ді көп жағдайда жеңіл түрде өткізсе, кейбір туыстары үшін инфекция -өлімге әкелуі мүмкін екенін түсінеді. Айта кетейік, өңірге "Pfizer" вакцинасының 35 мың дозасы келіп түсті.
Алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлерінің балалары вакцина алды. Өйткені, медициналық ұйымдардың қызметкерлері вакцинацияның маңыздылығын түсінеді. Мектептерде ата-аналардан вакцинациялауға келісім болған жағдайда вакцинациялау басталды. Мамандандырылған егу бригадасы келіп, мектептердің медпунктерінде вакцинация жүргізеді.
Солтүстік Қазақстан облысында ревакцинация да белсенді жүргізілуде, оны 987 адам өтті. Алдыңғы қатарда медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, 60 жастан асқан және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар алуда. СҚО-да барлығы бірінші компонентпен 260 301 адам егілді, қамту пайызы 70.2%. 243 208 адам екінші компонентпен егілді, бұл 65,6% құрайды.
Түрлі ел ғалымдары "дельта" коронавирус нұсқасының басым болуына байланысты, коронавирус инфекциясынан қорғануға арналған вакциналардың бастапқы дозаларының уақыт өте келе әсері төмендей бастайтындықтан, қосымша доза алу қажеттігін айтады