Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация басталды

Маңғыстау облысында  коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация басталды

               Маңғыстау облысында 22 қарашадан бастап халықты коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациялау жұмыстары басталды. Ревакцинация - бұл коронавирустан иммундық қорғанысты нығайту үшін коронавирустық вакцинаның үшінші дозасын алу.

               Қайта вакцинациялауға халықтың осал топтары - медициналық қызметкерлер, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, 60 жастан асқан және иммунитеті төмен адамдар жатады. Ревакцинация үшін айқаспалы вакцинация, басқаша айтқанда – вакцинаның басқа түрімен егу ұсынылады.

               Өңірде үшінші дозаны енгізу үшін "QazVac", "Sinopharm" сияқты вакциналардың түрлері қарастырылған.  Бүгінгі таңда облыста "QazVac" - 18 778 доза,  "Sinopharm" - 98 158 доза вакцина қоры бар.         

                Сондай-ақ, Маңғыстау облысында  ағымдағы жылдың 22 қарашасынан  бастап Pfizer американдық компаниясының өндірген  жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді «Комирнати» вакцинасымен вакцинациялау басталды. Бұл вакцинаның 35 100 доза көлеміндегі алғашқы партиясы ағымдағы жылдың 18 қарашасында аймаққа жеткізілді.

                 Облыста «Комирнати» вакцинасымен егілетін контингент саны анықталды,  барлығы – 91 280 адам, оның ішінде 12-17 жастан бастап - 68 899 адам, жүкті әйелдер – 6 339, бала емізетін әйелдер - 16 042.  22 қараша күні - 30 адам егілді, оның ішінде 12-17 жастағы жасөспірімдер - 6, бала емізетін – 24 әйел.