
Жамбыл облысында шектеу шаралары кезеңінде қызметін жүзеге асыратын объектілерде санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылау мақсатында 38 мониторингтік топ құрылып, жұмыс атқаруда, оның ішінде Тараз қаласында – 4, облыстың 10 ауданы бойынша – 34.
Ағымдағы жылы 1 қаңтар мен 22 қараша аралығында мониторингтік топтардың мүшелері 3580 рейд жүргізіп, 16302 объект тексерумен қамтылды, бұзушылықтары бар 1022 объект анықталды. Объект басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер жасалды.
Тексеру материалдары және мониторингтік топтардың бұрын берген материалдары бойынша 990 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, 125 миллион теңгеден астам сомаға 989 айыппұл салынды, оның ішінде 2 – лауазымды тұлғаларға, 5 - заңды тұлғаларға, 247 - жеке кәсіпкерлерге, 577 - объектілерде жұмыс істейтін жеке тұлғаларға және 158 - объектілерде жұмыс істемейтін жеке тұлғаларға.
Бүгінгі күні ұжымдық іс-шараларды өткізу, жұмыс режимін бұзу, персоналда жеке қорғаныс құралдарының болмауы, әлеуметтік қашықтықты және дезинфекциялық режимді сақтамау бойынша Жамбыл облысының 82 кәсіпкерлік объектісінде карантиндік іс-шараларды бірнеше рет қасақана бұзу фактілері анықталды.
Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша 22 материал Тараз қаласының арнайы экономикалық сотының қарауына берілді, сот шешімімен 15 нысанның қызметі тоқтатылды.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысы аумағында «ASHYQ» жобасына 3081 бизнес объектілері қатысуда. Тексерістермен 3405 шағын және орта бизнес субъектілері қамтылды. «ASHYQ» платформасының 1028 жосықсыз қатысушысы алынып тасталды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2021 жылғы 27 сәуір мен 19 қараша аралығында біздің облыс азаматтарының арасында 1604 санитариялық - карантиндік режимді бұзуы анықталды. Оның ішінде, «қызыл» мәртебесі бар 942 адам және «сары» мәртебесі бар 662 адам тіркелді.
«Қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 4 856 805 теңге сомасына 112 айыппұл салынды. «Сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантині шарттарын сақтау қажеттілігі туралы талаптармен 638 қаулы берілді. БАҚ-та жарияланған тұлғалар саны - 100.