
Ақтөбе облысы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, сондай-ақ 16-37 апта жүктілік мерзімі бар жүкті әйелдерді және лактация кезеңінде әйелдерді КВИ-ға қарсы "Комирнати" вакцинасымен вакцинациялау бойынша дайындық жұмыстарын бастады.
Вакцинация жүргізу үшін облыстың медициналық мекемелерінде, сондай-ақ білім беру ұйымдарында егу пункттері дайындалды. Вакцинациялау жүргізуге тартылған медицина қызметкерлері вакциналарды қолдану және сақтау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, "суық тізбек" шарттарын сақтау қағидалары бойынша оқытудан өтті.
Өңірде аталған вакцинаны сақтауға арналған облыстық орталық қойма дайындалды. Ол мұздатқыштарда вакцина минус 60°C-тан минус 90°C-қа дейінгі температурада сақталады. Сонымен қатар, ата-аналар мен жасөспірімдер арасында коронавирус инфекциясының алдын алу және олардың денсаулығын, сондай-ақ олардың жақындары мен туыстарын сақтау үшін вакцинацияның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, өңірде 12-17 жас аралығындағы иммундауға жататындар жасөспірімдер саны 40 290 адамды құрайды, оның ішінде 1 148 адам (2,8%) вакцина алуға ақпараттық келісімін ұсынды. Жүктілік мерзімі 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер саны - 9 234 оның 42 (0,4%) және 15 914 бала емізетін әйелдер арасынан 27 (0,2%) ана вакцина алуға дайын.