
Павлодар облысында ересек тұрғындарды коронавирустан вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінгі күні Павлодар облысының 335 171 тұрғыны коронавирустан бірінші компонентпен егілді. Екінші компонентпен егілген тұрғындардың саны – 307 136.
Аймақта QazVac, Спутник V, Коронавак, Vero Cell, Vero Cell (Hayat-Vax) сияқты вакциналардың түрлері салынады.
Вакцина алғандардың қатарында адам - 11 461 медицина қызметкерлері 18 999 - өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері, 2 681 - сауда саласының қызметкерлері, 4 845 студенттер, 3 943 - күштік құрылымдар қызметкерлері.
Қант диабеті, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары сияқты созылмалы аурулары бар адамдарды вакцинациялау жалғасуда. Өңірде дәрігердің есебінде тұрған 59 681 адам вакцинациядан өтті, тиісінше, алдын ала тексеруден өтіп, медициналық ұйымдарда COVID-ке қарсы вакцинациялауға рұқсат алды.
Коронавирус ауруының үлкен көрсеткіші мектеп оқушылары арасында тіркелген. Оқу жылының басталғаннан бері облыс бойынша осы санатта COVID-19-дың зертханалық расталған 1 051 жағдайы тіркелді.
Оқу жылының басынан облыстың 167 мектебінде 906 сынып карантинге көшірілді. Қазір 15 мектептің 17 сыныбы карантинде.
Мектеп, колледж және ЖОО оқушыларының сырқаттанушылық деңгейін төмендету үшін облыста 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, сондай-ақ жүктіліктің 16-шы аптасынан 37 аптасына дейінгі аралықтағы жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді Pfizer өндірісінің «Комирнати» вакцинасымен вакцинациялауға дайындық жүріп жатыр.
Бүгін Павлодар облысына 29 250 доза көлемінде «Комирнати»вакцинасының алғашқы партиясы келіп түсті. Облыс бойынша «Комирнати» вакцинасымен вакцинациялануға 48 850 адам, оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 40 013 адам, жүктілік мерзімі 16-37 аптадағы 1 508 жүкті әйелдер және бала емізетін 2 333 ана жатады.
Бүгінгі күні 700 -ден астам адам вакцинациялануға келісімін берген, оның ішінде 155 бала емізетін ана, 47 жүкті әйел, 506 жасөспірім ата-ана.
Вакцинаның келіп түскен барлық көлемі Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың орталық қоймасына сақтауға жөнелтілді. Өңірде Цельсий бойынша -90-дан - 60 градусқа дейінгі төмен температурада вакцинаны сақтауға арналған төрт мұздатқыш жабдық бар, вакцинаны сақтау және егу пункттеріне дейін тасымалдау бойынша салқындату тізбегінің бағыты әзірленді.